Қайырымдылық шара

12.10.2013ж.ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасының ассистенті Майкотова А.М.  тьюторлық 011-018-1/2 топ студенттерімен,Қалалық паллиативті көмек көрсету орталығының гериатрия бөліміндегі егде және қарт жастағы онкологиялық аурулармен сырқат науқастарға қайырымдылық шарасын ұйымдастырды. Қайырымдылық шара аясында студенттердің көмегімен әрбір науқасқа жеміс-жидектер үлестірілді, жағдайы ауыр төсек режиміндегі науқастарға мейірбикелік көмек көрсетілді, қосымша зерттеулерге науқастарды тасымалдауға көмектесті. Шара соңында науқастар өздерінің алғыстарын білдіріп, осындай қайырымдылық шаралардың көңілдеріне сеп екендігін айтты және жиі өткізіліп тұруын сұрады.

 

фото 20011-018 топ студенттері ҚПККО гериатрия бөлімінінде қайырымдылық шара өткізуде

фото 24

фото 25

фото 22