«English speaking countries» атты факультеттік сабақтың есебі

26.03.2018 жылы «Шет тілі және кәсіби шет тілі» кафедрасының оқытушылары Шаихова М.А., Турумбаева Р.Р., Омарова А.А., «English speaking countries» атты факультеттік сабақ өткізді.

Іс-шараның мақсаты: студенттерге ағылшын тілінде сөйлейтін мемлекттердің тарихымен, мәдениетімен, салт-дәстүрімен, әдет-ғұрпымен таныстыру, адамгершілік, танымдық дағдыларын дамыту. Мерекелік іс-шараға кафедра меңгерушісі, доцент Сулейменова О.Я. және оқу ісі меңгерушісі, аға оқытушы Садыкова А.А. қатысты. Доцент Сулейменова О.Я. іс-шараның жоғары деңгейде өткенін айтты және ағылшын тілінде сөйлейтін мемлекеттер жайында қосымша көптеген деректер айтты. Бұл іс-шараның танымдық және тәрбиелік мәні зор болды. Мерекелік кешке  жалпы медицина  факультетінің 17-034(1,2) 16-031(1) тобы, стоматология факультетінің 14-004 (1,2)   тобы студенттері қатысты.

Бұл іс шара студенттердің қызығушылығын тудырып, іс-шараның өте жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын және студенттердің шығармашылық әлеуеттігі мен тілдік құзіреттілігін дамытуда осындай іс-шараларды өткізудің қажеттілігін атап айтты.