Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл

Дөңгелек столды жүргізуші, кафедра профессоры А.Тыныбеков алдымен сөз алып, келесі жылы елімізде алғаш рет Қазақстан республикасы президентінің бастамасымен Қазақ хандығының құрылғанының 550 жылдығы аталып өтетіндігіне тоқталды. Сонымен қатар бұл күннің осыған дейін аталып өтпеуі биылғы жылы РФ президентінің Сібір жастарымен кездесуінде біздің халықтың мемлекеті  болған жоқ деп айтуына алып келгендігіне тоқталды. Сондықтан бұл күннің келесі кеңінен аталып өтуі болашақта осындай пікірлердің туындамауына алып келетіндігіне баса көңіл бөлді. Бұл күнді тойлар алдында үлкен жұмыстар атқарылғанын, оның ішінде бұрыңғы мемлекет хатшысы М.Тажиннің ұйымдастыруымен 2014 жылдың 3 айының ішінде дүние жүзінің бірқатар елдерінен 3 мыңнан астам тарихи мәліметтердің жиналғанын студенттердің естеріне салды.

Содан кейін сөз алған жалпы медицина факультетінің 4 курс студенті Барыс Н. Қазақ хандығының 550 жыл бойы өткен жолдарына тоқталып өтті. Оның ішінде сол кездері құрылған Қазақ хандығының брынғы Алтын Орда негізінде пайда болғанын және соның орнын басқанына баса көңіл аударды. Сонымен қатар бұл хандықтың баянды болмауына арадағы алауыздықтың қатты әсер еткендігіне байланысьы кейіннен ресей патшасына бодан болуымызға алып келгендігін айтты.

Одан кейін сөйлеген студенттер де Керей мен Жәнібектен басқа да хандардың, оның ішінде Қасымның, Тәукенің, Абылайдың атқарған ролдеріне кеңінен тоқталып, қазақ халқының тәуелсіздікті әрқашан да аңсағанын және сол жолдардағы оның күресіне баса назар аударды. Сонымен қатар сөйлегендердің барлығы да болашақта баянды болуы үшін бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығару керектігін айтты. Сонда ғане Қазақ мемлекетінің қалған елдермен терезесі тең мемлекет ретінде сөйлесе алатындығына тоқталды.

Дөңгелек столды қорытындылай келе профессор А.Тыныбеков тәелсіздікті әрқашанда қорғай білсек және соның жолында аянбай еңбек етсек бұл тәтті сөздің әрқашанда баянды болатындығына сенім білдірді.