Ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасы қызметкерлері ЖМ факультетінің тьюторлық 3 курс студенттерімен бірге 19.03.2015ж. Алматы қаласы «Ақыл есінің дамуы қалыпты жетілмеген (даму ерекшелігі жетілмеген) балаларға арналған арнайы (түзету) №2 бөбекжай балабақшасында мейірімділік шара өткізді.

Мейірімділік шара кафедра меңгерушісі профессор Есенжанова Г.М. бастауымен Алматы қаласы «Ақыл есінің дамуы қалыпты жетілмеген (даму ерекшелігі жетілмеген) балаларға арналған арнайы (түзету) №2 бөбекжай балабақшасына өткізілді. Балабақшаның меңгерушісі Зипарова Г.А. және Бекмуратова Г.К. тәрбиелеп отырған «Звездочка» тобының 13 тәрбиеленушілеріне баланың ақыл өрісінің жетілуіне және ұсақ моториканы дамытуға арналған көп функционалдық ойыншықтар, велотренажер және спорт залына арнап шаңсорғыш табыс етілді. Мейірімділік шарасына қатысушылар, балабақша тәрбиеленушілерінің кішігірім концерттік номерлерін тамашалады. Студенттер әрбір баланың көңілін табуға тырысып, мейірімділік таныта білді. Балалар сыйланған ойыншықтарды тамашалап, қызығушшылықпен ойнады.  Бөбекжай балабақшасы басшылығы тарапынан ҚазҰМУ ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасының ұжымы мен ЖМ факультетінің тьюторлық 3 курс студенттеріне алғыс хат ұсынылды.