«Анықталмайтын жұқпайтынға тең» «Н=Н» тақырыбында университеттік конференция

С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, микробиология, вирусология және иммунология кафедрасы 2017 жылдың 4 желтоқсан күні сағ 10.00-де 2 аудиторияда «Анықталмайтын жұқпайтынға тең» «Н=Н» тақырыбында университеттік конференция өткізді.

Аталған конференцияда ЖМ, Стоматология, қоғамдық денсаулық сақтау факультеттерінің 2 курс 200 студенті, «АИТВ инфекция және инфекционды бақылау» модулінің оқытушылары, ЖМ, стоматология, қоғамдық денсаулық сақтау факультеттерінің студенттік деканат өкілдері және микробиология, вирусология және иммунология кафедрасының оқытушылары қатысты. Кафедра оқытушыларының бақылауымен студенттер тарапынан –  7 баяндама қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде, 3 қойылым, сонымен қатар студенттер  тақырыптық стендтер, өлең жолдарын, плакаттар дайындады.