Футбол – демалыс!

Футбол, футбол, футбол… қазіргі жастарды қызықтырып отырған спорт түрі.

Осыған орай 15.05.2016ж.  жалпы медицина факультетіне қарасты №2 жатақхананың спорт секторларының ұйымдастыруымен жатақхана аралық футболдан жарыс өтті. Жарысқа 5 команда, атап айтқанда,  №1 жатақхана командасы, №2 жатақхана командасы (екі команда), №5 жатақхана командасы және №6 жатақхана командасы қатысты.

Тартысты да, қызықты өткен жарыс ұзаққа созылды. Ойыншыларымызға қолдау көрсетушілер, жанкүйерлер жетіп артылды. Нәтижесінде №2 жатақхана жігіттерінің командасы өздерінің басқалардан мықты, жақсы ойнайтындарын дәлелдеп, 1-орынды иемденді.

Осы команда күні кеше ғана өткен №2 жатақхана аралық футболдан да жеңген еді. Міне, бүгінде өздерінің 1-орынға лайықты екендерін тағы да дәлелдеп отыр.

Жігіттерімізді жеңісімен құттықтаймыз! Бұданда үлкен алаңдарға шығуына, бұданда үлкен командалармен шығып, әрдайым 1-орынды иеленуіне, биік шыңдардан көріне берулеріне  тілектеспіз.

Ал, демалысты пайдалы өткізуімізге көмектескен №2 жатақхананың спорт секторларына Құралбек Нұржан және Ордабек Олжасқа рахметімізді айтамыз!

№2 жатақхананың ақпарат секторы

Есенби Бибінур