Оқу-әдістемелік жұмыс

2006- МЖБС-на сәйкес ТОЖ бойынша «Жалпы медицина»  мамандығының 3 курс студентеріне «Бала  жасының ерекшеліктері» пәні бойынша 2015-2016 оқу жылынан бастап жұмыс оқу жоспары әзірленді. Осы бағдарлама негізінде «Балаларды объективті зерттеудің  тәжірибелік дағдылары» атты 54 сағаттық электив негізделді. Осы электив міндетті компонент (ОК)  болып, студенттер үшін сонғы екі жылда  сұранысқа ие болып  отыр. Бала аурулары кафедрасында студенттерге «Балалар ауруларының пропедевтикасы» туралы білімнің сіңімділігі мен өмір сүру талдауы бойынша, Дублин дескрипторлары бойынша тәжірибелік дағдыларды меңгеру деңгейі 78-82% (2015 жылға арналған сессияны талдау) екенін көрсетті.2017-2018 оқу жылының оқу үрдісінде  бойынша балалар патологиясының  семиотикасы, синдромдарын және балалар патологиясының  даму зандылықтарын талдау үшін «Бала ағзасының ерекшеліктері» пәніне 4  кредит (180 сағат) бөлінді. Білім беру үрдісінің бұл түрі үшінші курс студенттеріне балалардың AФЕ –рі мен әр жастағы балаларды тексерудің мануальді дағдыларын жеткілікті игерілуі  нәтижесінде, тәжірибелік  іс-әрекеттерін  бастауға мүмкіндік береді.

Осылайша, «ЖМ» «ХМФ» мамандығы бойынша үшінші курс студенттері және жаңадан ашылған педиатрия факультеті: «Бала ағзасының ерекшеліктері» пәнін оқып, оны қорытынды бақылау- екі кезеңдік емтихан, оның ішінде тестілеу және сұхбат арқылы аяқтайды.

Кафедра қызметкерлері клиникалық базаларда медициналық және емдік – консультациялық қызметтер көрсетеді, қаланың тәжірибелік денсаулық сақтау саласына  арналған семинарлар мен мастер- кластар өткізеді, клиникалық талдауға қатысады, ауру тарихын сараптауға қатысады, KILI және патологоанатомиялық конференцияларға қатысады.
Жоғары білікті медициналық санатты оқытушылар – 38%, бірінші санатты – 10%, және екінші санатты – 10% құрайды.