Оқу-әдістемелік жұмыс

Барлық пәндер бойынша кафедра отырысында қарастырылған және ОБК мен университеттің Әдістемелік Кеңесінде бекітілген ПОӘК бар. Жұмыс бағдарламалары, әдістемелік нұсқаулықтар студенттер құзыреттіліктерінің 5 түрін (білім, тәжірибелік дағдылар, өзін-өзі дамыту, коммуникативті дағдылар және денсаулық адвокаты) есепке ала отырып құрастырылды. Әр сабаққа мемлекеттік және орыс тілінде Power Point бағдарламасында презентациялар бар.  Сонымен қатар, оқу бейнефильмдері, сабақ тақырыптары бойынша анимациялар және электронды тасымалдағыштарда ақпараттық блоктар қолданылады, және де кесте, алгоритм, схема түріндегі көрнекі материалдар да бар. Тәжірибелік сабақтарды өткізу барысында инновациялық технологиялар қолданылады: рөлдік ойындар, жағдайлық есептер (кейс-стади), топтық дискуссиялар, кіші топтарда оқыту сияқты шынайы кәсіби жағдайға максималды жағдайға жақындатады және әрбір студенттің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға көмектеседі.

Профессор М.Рысұлы ҚР ДСМ клиникалық зертханалық диагностика саласында тәуелсіз эксперт, ҚР МЗДҚА президенті, «клиникалық зертханалық диагностика» мамандығы бойынша кәсіби стандартты рецензиялау бойынша жумысқа қатысты, оның жетекшілігімен және өзінің қатысуымен «клиникалық зертханалық диагностика» мамандығынан дайындық бағыты бойынша (хирургия, акушерия және гинекология, педиатрия, ішкі аурулар, ЖТД және стоматология) жұмысшы бағдарламалар (силлабустар) дайындалды.

Кафедра отырысында 6 курс студенттеріне арналған МSQ бойынша қазақ тілінде және орыс тілінде тесттік тапсырмалар құрастырылып бекітілді. Кафедра қызметкерлерімен клиникалық базаларда және кафедраның негізгі базасында санитарлық бюллетеньдер және оқу, әдістемелік, тәрбие, ғылыми, сонымен қатар СҒЗЖ бойынша ақпараттық стендтер, ҚР мемлекеттік рәміздерімен, зертханалық қызметтің соңғы жетістіктерімен стендтер әзірленді. ҚазМҮББУ-де коммуникативті дағдылар бойынша профессор Рысұлы М., кафедра ассистенттері Шайкенова Л.Б., Дуйсенбаева А.Ж., Садвакас А.С. білімдерін жетілдірді.

2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес БМСК деңгейіндегі дәрігерлер, мейірбикелер және фельдшерлер эндокриндік, жүрек-қантамыр, онкологиялық және жұқпалы аурулардың диагностикасын РОСТ әдістемесін (экспресс-тесттер) қолдану арқылы жүргізу керек, сонымен қатар, скринингтік бағдарламалардың диагностикалық бөлігіне қатысу керек. Осыған сәйкес, «Клиникалық зертханалық диагностика» кафедрасының қызметкерлері ЖДТ болашақ мамандарына РОСТ диагностикалық әдістердің (аурудың скринингі кезінде қолданылатын диагностика және диагностика әдістері) ерекшеліктері мен сипаттамасын есепке ала отырып, клиникалық зертханалық диагностика туралы базалық білім беруде.

\ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \\\ \