Тәрбие жұмысы

Кафедрада ең маңызды орынды тек сауатты клиницистты қана емес,жан жақты жеке тұлғасын жетілдірген болашақ дәрігерді тәрбиелеуге бағытталған іс шаралар жиыны алады. Тәрбие жұмысы азаматтық-патриоттық,діни- өнегелі, құқықтық,салауатты өмір салтын қалыптастыру, әлеуметтік, профессиональді бағыттарда негізделген.

Жылсайын кафедра қызметкерлері студенттерді локальді қақтығыс  «Ауғанстанмен қуғындалған» ардагерлерімен кездесулерді ұйымдастырады,салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған мәселелерге,жемқорлыққа қарсы  тақырыпта дөңгелек үстел өткізеді.Барлық жатақханаларда туберкулезді ерте анықтау және алдын алу жайында дәріс,әңгімелесу өткізілді. Студенттерге  «Біз туберкулезді жеңеміз» атты конференция өткізілді; студенттер арасында ең жақсы күнтізбе және өлең туберкулезді алдын алу  тақырыбында конкурс; барлық курс студенттеріне туберкулезге қатысты фильмдер көрсетіліп,талқыланды. Оқытушылардың жетекшілігімен студенттер қаланың 35-мектебінде туберкулездің алдын алу тақырыбында дәріс оқылды және қаланың ЖОО-да, оқытушылар жетекшілігімен жиі флеш-мобтар өткізіледі.