Патологиялық анатомия кафедрасы

ҚазҰМУ-нің патологиялық анатомия кафедрасы 1933 жылы ұйымдастырылды. Ұжым сол уақыттарда үш адамнан құралған еді: профессора Н.Э. Глеклер және екі ассистент – Е.А. Троицкий және Я.Е. Ланда. Сол кезеңдерден бастап адамның жалпы патологиялық маңызды үрдістерінің  макро – және микропрепараттарының коллекциясы жиналды. Патологиялық анатомияның жалпы және жеке курстары бойынша практикалық сабақтарының және дәрістерінің әдістемелік құрылымдық реттілігі түзілді.

1934 – 1938жылдары кафедраға доцент Б.Ф. Малышев басшылық етті. Ол Ленинградтық патологоанатомдар мектебінің түлегі еді. Кафедраның алғашқы аспиранттары А.И. Зикеева мен С.Ф. Серов болды. Доцент А.И. Зикеева Алма-Аталық дәрігерлер мамандығын жетілдіру институтында патологиялық анатомия кафедрасын ұйымдастырды. Профессор С.Ф. Серов Лениград қаласындағы Н.Н. Петров атындағы Онкологиялық Ұлттық Зерттеу Институтының  патоморфология лабораториясының меңгерушісі болды.

1938 жылдан бастап патологиялық анатомия кафедрасының меңгерушісі қызметін доцент, сосын профессор болған П.П.Очкур атқарды. Ол Харьковтың патологоанатомдар мектебінің түлегі болатын. П.П. Очкур Қазақстандағы инфекциялық патология және онкологиялықлық зерттеулерге басшылық етті. 1960 жылы бруцеллез кезіндегі морфологиялық өзгерістері жайындағы монографиясы жарық көрді. П.П. Очкур осы еңбегімен алыс және жақын шет елдерге кеңінен танымал болды. Осы кітабындағы сипатталған бруцеллез жайындағы мәліметтер 1966 жылғы Берлиндегі патологиялық анатомия департаментінің жетекшілігімен басылым көрді. 1956 жылдары П.П.Очкурдің басшылығымен АММИ патологиялық анатомия кафедрасының базасында патологоанатомдардың кеңесі белсенді жұмыс жасады.

Кейінгі жылдары кафедраға доцент А.И. Кондратенко (1969-1970, 1973-1974ж.ж), профессор Ф.Я. Яглиниский (1972ж), профессор Х.С. Нугманова (1975-1990ж.ж) басшылық етті.

Халида Сафиевна Нугманова – м.ғ.д., профессор, 15 жыл 1975 жыл мен 1990 жылдар аралығында кафедраға басшылық еткен. Осы кезеңдердегі кафедраның ғылыми бағыты тыныс жолдарының патологиясы еді. Х.С. Нугманованың басылымдарда 100 аса ғылыми мақалалары жарық көрді және өз жетекшілігімен 15  кандидаттық диссертация қорғалды.

Самиғолла Ибатуллаевич Иржанов – м.ғ.д., профессор, жоғары санатындағы дәрігер. 1990 мен 2010жылдар аралығында кафедраның меңгерушісі болды. Ленинградтық патологоанатомдар мектебінің түлегі, Халықаралық патология академиясының мүшесі. Осы жылдары кафедраның ғылыми бағыты онкоморфология және инфекциялық патология болды. 100 астам ғылыми жұмыстары және 3 монографиясы жарық көрді. С.И. Иржановтың жетекшілігімен 21 кандидаттық және 3 докторлық диссертация қорғалды.

Юлия Сиязбековна Исмаилова  –  2010 жылдан патологиялық анатомия кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., профессор, жоғары санатындағы дәрігер, Москвалық патологоанатомдар мектебінің түлегі. 160 астам ғылыми мақалалары отандық және шет елдік басылымдарда жарияланған, монографиялары, ғылыми-әдістемелік және оқу-әдістемелік нұсқаулары бар. Ж.Б. Ахметовтың «Патологиялық анатомия» оқулығының «Балалар патологиясы» бөлімінің қосалқы авторы. М.ғ.д., профессор Ю.С. Исмаилованың жетекшілігімен 5 кандидаттық және докторлық диссертациялар қорғалды. Ғылыми бағыты: перинаталді патология, вирусты инфекциялар, балалар патологиясы.

Қазіргі кезеңде кафедраның ғылыми бағыты: перинатальді патология және инфекциялық вирусты патология. Профессор Ю.С. Исмаилова грантты ғылыми техникалық бағдарламалар бойынша жұмыстарға белсенді жетекшілік етуде, қалалақ ғылыми практикалық конференцияларға қатысады.

Кафедрада сызықтық, кредиттік және блокты жүйемен 2, 3 курс «Жалпы медицина», «Меирбикелік іс», «Қоғамдық денсаулықсақтау» және «Стоматология», факультеттері және 6 курс емдеу, педиатриялық факультеттері, аралас интерндер (акушер-гинекологтар) білім алады.

Кафедра құрамында патоморфологиялық лаборатория жұмыс жасайды. Онда оқу үрдісіне және ғылыми үрдістерге арналған гистологиялық препараттар дайындалады.

Кафедраның әр оқу бөлмесі  «Zeizz» фирмасының бинокулярлы микроскоптарымен жабдықталған.  «Axio imager A-1» көп басты микроскоп оқу үрдісіндегі және ғылыми жұмыстардағы микропрепараттарды суретке түсіріп және экранға демонстрациялап көрсетілетін компьютерлік бағдарламамен жабдықталған құрылғы арнайы оқу бөлмесінде орнатылған. Кафедраның музейінде 250 макропрепарат сақталған, оның көпшілігі сирек кездесетін патологиялар болып саналады.

Кафедраның клиникалық базалары қалалық патологоанатомиялық бюроның бөлімшелері және Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының патологиялық анатомия бөлімшесінде орналасқан. Кафедра қызметкерлерінің клиникалық жұмыстарына аутопсиялық зерттеулер, операциялық биопсииялық материалдарды қарап жауап беру, клиникалық анатомиялық конференцияларға және өлім себептерінің зерттеу комиссияларына қатысу болып саналады. Кафедра қалалақ патологоанатомиялық бөлімшелердің практикалық дәрігерлеріне үлкен көмек көрсетеді. Күрделі аутопсиялық жағдайларды талдауда, биопсиялық кеңестер, клиникалық анатомиялық және прозекторлық конференцияларда баяндама жасау және бірлескен мақалаларды басылымға жазу арқылы жүзеге асырылады.

Кафедрада ғылыми студенттік үйірме белсенді жұмыс жасайды. Студенттер жыл сайын «Білім күніне» арналған Университеттің ғылыми турларында баяндамалар жасайды.

2010 жылғы 18 мен 21 наурызда Шымкент қаласында өткен «Медицинская наука и молодежь в XXI веке» ғылыми-практикалық конференцияда жас ғалымдар м.ғ.к., аға оқытушылар Серикбай М.К мен Бекишева А.Н., өз студенттерімен: 4 курс студенті Жалғасбай Ж., 2 курс студенті  Жолымбетов М қатысты. Мақтау қағаздар және грамоталармен марапатталды.

Тәрбиелік жұмыстар бойынша кафедраның профессорлық оқытушылар құрамы «Жалпы медицина» факультеті 2 курс қазақ және орыс бөлімдерін курациялайды. Ай сайын топтарда кураторлық сағаттар өткізіледі. Кураторлар өз студенттерімен университеттің «Медицина тарихы» музейінде: академиктің 80-жылдығына арналған «Шарманов Т.Ш»; «С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ тарихы»; репрессияның құрбандарына «О уақыттар» фильмін тамашалап талқыланды.

Университеттің ішкі тәртібіне сәйкес куратор 2 курс студенттерімен қоғамдық пайдалы жұмысымен айналысады.

Студенттермен мынадай тақырыптарға кураторлық сағаттар өткізілді: «ҚР президенттінің жолдауы», «Инновациялық индустриализациялау бағдарламасын жеделдету», «ҚР мемлекеттік жастар саясаты», «Мемлекеттік тілді құрметтеу», «ҚҰУ ішкі оқу тәртібі туралы, «1 желтоқсан – ЖИТС-пен күресу күні». ҚР білім беру министрінің көмекшісі Оршубеков Н.А. кездесу ұйымдастырылды және мынадай тақырыптарда студенттермен әңгіме жасалды: «Менің өмірлік ұстанымым», «Коррупцияға қарсы Мемлекеттік бағдарламаның орындалуы», «Жастар патриотизмі». Мәдени-сауықтыру бағдарламалары бойынша: М. Ауезов атындағы драмалық театрына, Абай атындағы опера балет театрына бару, «Медеу» муз айдынына барып коньки тебу. Студенттердің өз талпыныстарымен кафедрада Ұлы Отан соғысының 65 жылдығына орай – «Бауыржан Момыш ұлы» стенді дайындалды. Барлық топтарда «Коррупцияға қарсы» тақырыбына арнайы әңгімелер жүргізіліп тұрады.

Кафедраның оқытушылар арасында ғылыми дәрежелері 55,5% құрайды.

Кафедрада ұзақ жылдар бойы профессор м.ғ.к., Ж. . Ахметов, м.ғ.к., доцент Э. Н.Шумкова және 2009 жылдан бері  м.ғ.д., – профессор А.Д. Сапаргалиева жұмыс жасайды.

Жауғашты Байназарұлы Ахметов – профессор, м.ғ.к., жоғары санатындағы дәрігер, алғашқы қазақ тіліндегі «Патологиялық анатомия» оқулығының авторы. Жаңа кезең оқулығын жазудағы шаршамас қажырлы еңбегі үшін, Ахмет Байтұрсынов атындағы «Саңлақ автор» қола медалімен марапатталған. Кафедраның жас мамандарына үздіксіз кеңес беру барысында, өзінің мамандық білімін тоқтаусыз беруде.

Эльмира Николаевна Шумкова – доцент, м.ғ.к., жоғары санатындағы дәрігер. Урологиялық, гинекологиялық, хирургиялық, гастро-энтерологиялық морфология салалары бойынша сапалы маман болып саналады. Соңғы 17 жыл барысында кафедраның оқу ісі жөніндегі меңгерушісі ісін атқарады. 70 тен астам ғылыми мақалалары жарық көрген.

Айгуль Дюсекешевна Сапаргалиева – м.ғ.д., профессор, жоғары санатындағы дәрігер. Пулмонология, урология, туберкулез саласында маман болып табылады. 75-тен астам ғылыми мақалалары алыс және шет елдерде жарық көрген. Алматы қаласының штаттан тыс бас патологоанатомы. Шет елдік гранттардың иегері. Қалалық және халықаралық конференцияларға белсенді қатысады.

Нартаева Ақжарқын Елібай қызы – м.ғ.к.,  доцент, жоғары санатындағы дәрігер.  30 ғылыми мақалалары алыс және жақын шет елдерде жарық көрген. Патологиялық анатомияның жалпы курсы бойынша студенттерге арналған оқу –әдістемелік құралдың авторы.

Бекішева Айгүл Нұрпапа қызы – м.ғ.к., аға оқытушы, бірінші санатындағы дәрігер. 25 –тен астам ғылыми мақалалары баспадан жаық көрген. Республикалық және Универсисттің ғылыми-техникалық бағдарламаларына белсенді қатысады.

Серікбай Мерейлі Қармантай қызы – м.ғ.к., аға оқытушы, жоғары санатындағы дәрігер. 25 –тен астам ғылыми мақалалары баспадан жарық көрген.  «Морфологические особенности  легких у глдубоко недоношенных плодов» монографиясының қосалқы авторы.