Қалыпты анатомия кафедрасында «Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына»  арналып өткізілген іс – шара туралы ЕСЕП

2019 ж. 12 қазан күні кафедрада ПОҚ және 1 курс жалпы медицина факультетінің студенттерімен бірге «Ұлы халықтың – Ұлы Абайы» атты поэзиялық кеш өткізілді. Іс –шара кафедра меңгерушісі  Нұргүлім Сағидоллақызының құттықтау сөзімен басталды. Іс – шараны өткізудегі мақсатымыз – кейінгі ұрпақтардың бойында Абайдың туындыларына деген қызығушылық пен құрметті арттыру, бұл ұлы тұлға біздің отандасымыз, біздің мақтанышымыз екендігін дәріптеп, Абай Құнанбаевтың шығармашылығы мен өмірбаяны туралы білімін тереңдету, сонымен қатар өскелең ұрпаққа Абай туындыларының мәнін жеткізу, студенттерді отан сүйгіштікке тәрбиелеу, туған еліне және жеріне деген махаббатын ояту болып табылады. Іс – шарада жалпы медицина факультетінің студенттері өздерін жан-жақты көрсетті, сонымен бірге ақын туындыларынан «Көзімнің қарасы» әнін  19-006-01 қ топ студенті Ариянна Жұмабек орындады, қазақ күйлерінен домбырада «Балбырауын» күйі орындалды,  қыздар қазақтың ұлттық биін биледі және Абайдың қара сөздерінен «31» қара сөзін Қабылтаев Аят және «46» қара сөзін Жүрсін Аружан мәнерлеп оқыды. Соңғы нөмірде топ студенттері бірге хормен «Желсіз түнде жарық ай» әнін орындады. Поэзиялық кешті өзінің алғыс сөзімен аға тъютор Абиырова Н.Б. аяқтады.