Ғылыми-зерттеу жұмысы

Кафедраның ғылыми жұмыстары әртүрлі бағытта жүргізіледі. Негізгі тақырыптары:

  • Қазіргі таңдағы кеуде және құрсақ қуысы ағзаларының  хирургиялық ауруларының диагностикасы мен емдеу әдістерін қолдану,
  • Хирургиялық инфекцияны емдеуде инновациялық әдістерді еңгізу,
  • Хирургияда әлеуметтік маңызы бар науқастарды емдеу.

Кафедра қызметкерлері әр жылы 50-ге жуық статьялар мен тезистер жариялап, кем дегенде 4 әр түрлі конференцияларға қатысады. Соңғы 5 жылда кафедра қызметкерлері 10 иновациялық патент алды.

Соңғы 13 жылда кафедрада 6 докторлық және 13 кандидаттық диссертациялық жұмыстар қорғалды. Университеттің мерей тойы жылында кафедра «Балалар мен ересектердің іріңді хирургияның өзекті сұрақтары» тақырыбы бойынша мақалалар жинағымен бірге Халықаралық конференция жүргізілді.

2012ж. кафедра «Новые технологии в хирургии для практического здравоохранения» тақырыпқа арналған республикалық конференцияны өткізді

2013ж. кафедра «Новые технологии в хирургии и травматологии» тақырыпқа арналған  республикалық конференцияны өткізуге қатысты.

2014ж. кафедраның 80 жылдығына және С.Ж. Асфендияровтың 125- жылдығына орай «Современные тенденции в развитии хирургии» тақырыпқа арналған Халықаралық ғылыми-тәжрибелік конференцияны өткізді.

2016 жылы қалалық ғылыми-тәжрибелік конференцияны «Современные аспекты лечения гнойных осложнений синдрома диабетической стопы» өткізді.

 

Кафедра құрылғаннан бері студенттердің ғылыми-жұмыс ұжымы жұргізіледі. Әр жылы ұжымында болашақта хирург болуын ниет білдірген студенттер қатысады. Қазіргі таңда ғылыми үйірмесіне әр түрлі факультеттерден 30- дай студент қатысады.

2010 жылы Унивеситеттің мерей тойы жылында кафедра студенттердің Ғылым күніне арнап баяндама дайындады. Баяндама 2-ші және 3-ші тур сайыстарынан өтті. Кафедраның қатысқаны туралы сертификат алды.

2013 жылы бір баяндама 3-ші тур сайыстарынан өтіп, 3 орын алды, баяндамашыға сертификат берілді.

2014 жылы С.Д. Асфендияровтың 125 жылдық мерей тойына арналған Студенттердің және жас ғалымдардың Халықаралық ғылыми – тәжірибелік конференциясында кафедраның ғылыми-жұмыс ұжымының  студенттері «Экспериментальная оценка эффективности гемостатических препаратов для эндоскопического гемостаза при желудочно-кишечных кровотечениях» көрсетілген тақырыпқа арналған баяндама жасап 1 орын алды.

2016 жылы Ақтөбе қаласында, Батыс Қазақстандық Марат Оспанов атындағы Мемлекеттік университетте Қазақстан Республикасының тәулсіздігінің 25 жылдығына арналған XVI Студенттердің және жас ғалымдардың Халықаралық ғылыми – тәжірибелік конференциясында кафедраның ғылыми-жұмыс ұжымының студенттері баяндама жасап II және III дәрежелі дипломдармен марапатталды.

2017 жылы желтоқсан айында факультеттераралық ғылыми конференцияда доценттер Қаныбеков А., Маленкова С.А. басшылығымен орындалған студенттердің ғылыми жұмысы 3 дәрежелі дипломмен марапатталды.

Әр жылы С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ғылыми жинақтарға студенттердің баяндамалары жарияланады.