Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы бойынша жұмыс бекітілген жоспарға сәйкес жүргізілді. Бұл жұмыстың негізгі мақсаты студенттерді ғылыми-зерттеу жұмысына тарту, ғылыми ойлауды қалыптастыру және шығармашылық әлеуетін жандандыру, С.Ж. Асфендияров атындағыҚазҰМУ-дың  ғылыми бағыттарының  дамуына қолдау көрсету болып келеді. Ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасының ғылыми үйірмесінің атауы: “Гиппократ”. 2017-2018ж.ж. үйірме жұмысында ЖМФ-тің 70 студенті қабылданды. Ғылыми үйірме отырысы кафедра оқытушыларының жетекшілігімен тоқсан сайын өткізіледі (1-кезеңі  кафедрада). СҒЗЖ-нің бірінші кезеңінде 6 ғылыми-зерттеу жұмыстары тыңдалды. Олардың ішінде СҒЗЖ байқауының екінші кезеңіне  5 ең үздік ғылыми жұмыстар ұсынылды.

2017ж. 08.12.-09.12аралығында жүргізілген  ЖМФ СҒЗЖ-ның екінші турына кафедра студенттері 5 мақаланы ұсынды. Тұсаукесер қорытындысы бойынша екінші орынды ассистент Л.К. Токаеваның жетекшілігімен жасалған  А. Ерниязова  мен С. Камидолла студенттерінің  «Расчет коэффициента атерогенности у больных с патологией сердечно-сосудистой системы»  атты   жұмысы иеленді. Студент Бердуаш Бексұлтан  «Үздік баяндама» номинациясы бойынша дипломмен марапатталды.

Студенттердің ғылыми жұмыстар жинағына кафедра СҒЗЖ-ның 2 тезисі енді. Олар: 1-«Высокий индекс массы тела, как риск развития  сердечно-сосудистой патологии» (жетекші-асс. А.С. Сулейменова ) 2-«Расчет коэффициента атерогенности у больных с патологией сердечно-сосудистой системы» (жетекші-асс. Л.К.Тукаева ).