Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы

СҒЗЖ үшін жауапты – профессор Жаныбеков Джурсунхан Есенбекович (тел. 7134, E-mail: [email protected])

СҒҮанатомиякафедрасында кафедра ұйымдастырылғаннан бері жұмыс істейді (1931жылдан). Осы уақыт ішінде кафедра үйірмесінде мыңдаған студенттер болды. Соңғы 3 жылда университеттік, республикалық және халықаралық басылымдарда 60-тан аса ғылыми мақалалар мен тезистер жарық көрді.

2014-2015 оқу жылы

Халықаралық басылымдарда 5 жұмыс жарық көрді. Олардың ішінде жүрек-тамыр хирургиясы кафедрасынан  Саржанов Галымжанның «Адам жүрегінің қандануы» атты жұмысын атап өтуге болады.

Ғылыми жетекшісі: проф. Жаныбеков Д.Е. Кардиохирургтардың ІV конгресінде және ҚР тамырлық хирургтардың халықаралық І – ші симпозиумында баяндама жасады. Тараз қ. 14-17 қазан 2015 жыл. Бұдан басқа 3 жұмыс СҒЗЖ ІІ турына өтті. 2015 жылы кафедра СҒЗЖ үшін «Алғыс хат» алды.

2015-2016 оқу жылы

Студенттер Кулаева С.Н., Сергазиева А.М., Ширинов А.А., Куанышева А.Е. (Ғылыми жетекшісі проф. Досаев Т.М.) «Морфология бойынша халықаралық деңгейдегі ЖОО аралық олимпиадаға»қатысып, 3-ші марапатты орынды жеңіп алды. Алматы қ.

Студент үйірмешілер 2015-2016 оқу жылдары университеттік және халықаралық басылымдарда 22 ғылыми жұмыс жариялады.

2016-2017 оқу жылы

Студент үйірмешілер халықаралық басылымдарда 11 ғылыми жұмыс және қалыпты анатомия кафедрасының басылымдарында 21 жұмыс жариялады.  ЖМФ2 курс  студентіБожедомова Татьяна «Анатомические особенности строения сосцевидного отростка височной кости» тақырыбында баяндама жасады. Ғылыми жетекшісі: проф. Жаныбеков Д.Е. СҒЗЖ ІІ турында марапатты орындар алған жұмыстар ҚР СҒЗЖ конкурсына жіберілді.

Қалыпты анатомия кафедрасы соңғы 2 жылда «Студенттік ғылыми үйірмелер жәрмеңкесіне» белсенді қатысады, бұл студенттер арасында ғылыми-зерттеу жұмысын ынталандыру үшін қажет. Бұл жұмысы үшін кафедра 2017 жылы алғыс хатпен марапатталды.