Оқу – әдістемелік жұмыс

Кафедраның оқу-әдістемелік жұмысы

Фармакология кафедрасында Жалпы медицина мектебі –1, Педиатрия мектебінің 3 курс студенттері модульдік оқытудан өтеді. Сызықтық нысан бойынша Стоматология мектебінің 3 курс, Фармация мектебінің 3 курс, Фармация мектебінің жеделдетілген оқытудың 1 курс, “Фармацевтикалық өндіріс технологиясы” мамандығы бойынша 3 курс, “Мейірбике ісі” мамандығы бойынша 2 курс және “Мейірбике ісі”мамандығы бойынша жеделдетілген оқытудың 3 курс студенттері оқиды.

Оқу процесінде оқытудың жаңа әдістері, барлық пәндермен интеграция жүргізіледі. Бірқатар тақырыптар бойынша мәселелі дәрістер оқылады.

Кафедрада “Жас педагог мектебі” жұмыс істейді, онда қызметкерлер және педагогикалық шеберлік бойынша өз білімдерін жетілдіреді.

Емтихандар келесі модульдер бойынша өткізіледі: “Қан айналымы және тыныс алу жүйелері (патология)”, “Қоректік заттардың сіңірілуі және гомеостаз (патология)”, “Иммундық жауап және инфекция”.

“Клиникалық зерттеулер, қозғалыс және репродуктивті денсаулық негіздері”, “Неврология негіздері (патология) ”  бойынша сараланған сынақ тапсырылады.

Жазбаша түрдегі емтихандар Стоматология мектебінің 3 курс, Фармация мектебінің 3 курс, Фармация мектебінің жеделдетілген оқытудың 1 курс студенттеріне арналған.

Барлық тақырыптар бойынша жаңа бақылау-өлшеу құралдары әзірленген және қайта қаралған. Барлық факультеттердің студенттеріне арналған силлабустар, тест түрінде, оның ішінде аралық бақылау мен емтихандарға арналған тапсырмалар жасалады және жыл сайын жаңартылады.

Жалпы медицина мектебі – 1, Педиатрия мектебі, Стоматология мектебінің 3 курс студенттеріне емтихан алдында кеңестер жүргізіледі.