Халықаралық серіктестік

Халықаралық ынтымақтастық шеңберінде ішкі аурулар пропедевтикасына 2012 жылы  Литва медициналық университетінің профессоры, ішкі аурулар департаментінің директоры А.В.Наудюнас келді. Іс-сапар кезінде профессор тәжірибелік сабақтар өткізіп, дәрістер оқып, клиникалық базаларда мастер-класстар өткізді.

Халықаралық деңгейдегі тәжірибе алмасу білім беру жүйесіндегі және оқытудағы оң өзгерістерге және кафедра оқытушыларының дағдыларының жетіліп, шыңдала түсуіне ықпалын тигізді.