«Бауырдың алкогольді емес майлы ауруының қазіргі заманғы менеджменті» дөңгелек үстелі

2018 жылдың 11 қазанында №2 университет клиникасы базасында № 1 ішкі аурулар кафедрасының қызметкерлері “бауырдың алкогольді емес майлы ауруының қазіргі заманғы менеджменті” тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелдің модераторы ҚазҰМУ құрметті профессоры Атсумаса Комори (Нагасак медициналық орталығы, Жапония) болды.

Гастроэнтеролог, эндокринолог, кардиолог дәрігерлерінің алкогольсіз май ауруына мультидисциплинарлық мәселе ретінде қызығушылығы осы нозологиямен сырқаттанушылықтың ұлғаюымен, алдын алу және тиімді емдеу мәселелерінің шешілмегендігімен байланысты.

Дөңгелек үстелде №1 ішкі аурулар кафедрасының қызметкерлері: проф. Е.А. Славко, доц. Н.В.Зубова, асс. С.Серікболқызы НАЖБП патогенезі, емдеудің перспективті әдістері, ауру ағымының клиникалық-зертханалық ерекшеліктері туралы хабарламалармен сөз сөйледі.

Дөңгелек үстелге Эндокринология, №1 ішкі аурулар, фармакология, №1 ЖТД, №2 УК дәрігерлері, сонымен қатар “Жалпы медицина” мамандығының 4 және 5 курс студенттері қатысты. Ұсынылған материал студенттер. оқытушылар мен дәрігерлердің қызығушылығын тудырды. Дөңгелек үстел қызу пікірталаспен аяқталды.

Қорытындылай келе проф. А. Комори тыңдаушылардың назарын бауырдың зақымдануына метаболикалық синдромы бар пациенттерді скринингтеу қажеттілігіне аударды, бұл уақтылы барабар ем жүргізуге мүмкіндік береді және бауырдың алкогольді емес майлы ауруының озық сатыларының даму қаупін төмендетеді. Профессор атап өткендей, бауырдың алкогольді емес майлы ауруын емдеу негізі метаболикалық синдром көріністерін түзету және өмір салтын өзгерту болып табылады.