Клиникалық жұмыс

ҚазҰМУ ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасы қазіргі таңда Алматы қаласының келесі клиникалық базаларында орналасқан. Қызметкерлердің бір бөлігі (кафедра меңгерушісі м.ғ.д.  Б.К. Нургалиева, А.Ж. Мустафина ,  А. Сулейменова) ЖШС МО «ХАК», онда халықаралық факультеттің 3 курс студенттеріне тәжірибелік сабақтар жүргізіледі.  ЖШС МО «ХАК» стационар, емхана және диагностикалық бөлімдерден тұрады. Қазіргі уақытта ЖШС МО «ХАК» КТМКК шеңберінде үлкен  көлемде медициналық көмек көрсетіп отыр, ол стационарлық, стационаралмастырушы және амбулаториялық-емханалық қызмет бойынша атқарылуда. Клиникада 102 төсек-орындық стационар, КТМКК шеңберінде жылына 350 травматологиялық операция, 400 хирургиялық операция, 240 гинекологиялық операция жасалса, 240 неврологиялық науқасқа ем жүргізіледі және 360 науқасқа реабилитация жасалады. КТМКК шеңберінде 4700 адамға амбулаториялық-емханалық қызмет көрсетіледі  және жылына 480 науқасқа стационаралмастырушы көмек көрсетіледі. Тәжірибелік сабақтарды өткізуге клиниканың әкімшілігі тарапынан проектор және микрофонмен жабдықталған конференц-зал берілген. КТМКК шеңберінде қызмет көрсетілетін науқастарға курация жасау, клиникалық талдаулар жасау рұқсат етілген.   Кафедра қызметкерлерімен СОП, хабарламалық стендтер дайындалды,  семинарлық сабақтар өткізілді, істер номенклатурасы дайындалып, ұйымның этикалық кодексі құрастырылды, «Балаларды қорғау күніне»  арналған қайырымдылық шара өткізілді,  клиникалық талдаулар жасалып, күрделі клиникалық жағдайлар қарастырылады.

Кафедраның екінші жартысы ЖШККА-да орналасқан. Стационар 350 төсекке арналған, оның ішінде қабылдау бөлімін қосып есептегенде 120  төсек кафедра қызметкерлерімен курация жасалады. Ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасының қызметкерлері клиниканың 12 бөліміне курация жасайды.  Кафедраның штаттық қызметкерлері 10 жылдан астам еңбек өтілі бар дәрігерлер,  жоғары білікті және ғылыми  дәрежелері бар дәрігерлер.  2016 және 2018 жылдар аралығында кафедра қызметкерлерімен  3807 науқасқа дәрігерлік кеңес беріліп көмек көрсетілген, 110 клиникалық талдау жасалды, 185 консилиум өткізіліп, 2 летальді жағдай талқыланды. Кафедра қызметкерлері тұрақты түрде асқынған және күрделі клиникалық жағдайларға сараптама жасауға қатысып отырады (2017-2018жж 53 жағдай). Және де кафедра қызметкерлері ЖШККА қызметкерлерімен бірге қайырымдылық шаралар ұйымдастырып өткізді  – «Алмалы  ауданы ҰОС және ауған соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне  ашық есік күндерін» өткізді  және «9 мамыр Жеңіс күніне» арналған «Мейірбикелік көмек көрсету ауруханасында» кеңес беру күндерін  өткізді.

2018 жылдың қыркүйек айында кафедраның бір бөлігі №4 ҚКА-ға ауыстырылып, кафедраның үшінші клиникалық базасы ретінде ашылатын болады.