Кафедра тарихы

С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Ғылыми Кеңесінің шешімі бойынша «2016 – 2017 оқу жылында декандар, факультеттер мен кафедралардың ұйымдастыру құрылымдарын жаңғырту бойынша университет мәселері туралы» (2016 жылғы 21 қыркүйектегі №1 хаттама)және  21.09.16  жылғы №5461 ректордың бұйрығы бойынша «Амбулаторлық-емханалық терапия» (АЕТ), «Амбулаторлық-емханалық педиатрия» (АПП) геронтология и гериатрия модулі кафедрасының штаттық құрамы Жалпы дәрігерлік тәжірбие департаментімен тұрақтандырылған «№1 Жалпы дәрігерлік тәжірбие» кафедрасы болып құрылды. 2017 жылдың қыркүйегінен бастап кафедра геронтология курсымен №1 Жалпы тәжірибелік дәрігер болып өзгертілді.

АЕТ кафедрасы 2007 жылдың 1 қыркүйегінде терапевтикалық бөлім кафедрасының қайта құрылымдануына байланысты ұйымдастырылды. Отбасылық медицина және емханалық оқыту кафедрасының базасында №1 және №2 кафедралар ұйымдастырылды. №2 отбасылық медицина және емхана кафедрасында «Амбулаторлы – емханалық терапия» пәні бойынша  5 – ші және 6 – шы курс студенттері оқудан өтіп, 2008 жылдың 17 қазанында Ректордың бұйрығымен кафедра АЕТ  кафедрасы болып өзгертілді (ҚазҰМУ ректоры №1362-л бұйрығы).

«Геронтология және гериатрия» модулі 2013 жылы «Жалпы медицина» факультетінің бакалавриат деңгейінде  5 курс студенттеріне арналған жәнеҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министірлігінің ТжКБ шеңберінде  дипломнан кейінгі  деңгейде дәрігерлер мен медбикелердің біліктілігін арттыру мақсатында «Қазақстандағы егде жастағы адамдардың  өмір сүруді қамтамасыз етуде қартаюға қарсы модельді әзірлеу» ашылған.