ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ФИЛОСОФИЯ КҮНІ

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ФИЛОСОФИЯ КҮНІ

«Дүниежүзілік философия күніне»орай 19 қараша 2015 жылы Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы ұйымдастырған  Философия пәні апталығының қорытындысы өтті.

Апталықтың жоспарына сәйкес 2015 жылы 19 қарашада«Философияның қазіргі өзекті мәселелері» атты студенттік ғылыми конференция өткізілді. Конференцияға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценттері Ә.А.Құранбек, Ж.А.Амиркулова, кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы мен университет студенттері, ЖОО докторанттары, кафедраның Ибн-Сина ғылыми үйірмесінің мүшелері қатысты. Конференцияда гуманизм дәстүрі, қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелер, медицинаның өзекті этикалық мәселелері  қарастырылды.Ұйымдастыру идеясы әлеуметтік – мәдени қайта құруларды талқылау, студенттерді  философиялық мұраға біріктіру, жаңа идеяларды күнделікті ойлау жүйесіне енгізу.

Екінші бөлімінде интеллектуалды олимпиада өткізілді. Олимпиаданы ЖМ14-032 топ студенті Бейбіт Мұстафа жүргізді. Олимпиадада қатысушыларға аудио, видео, фототапсырмалар беріліп, аналитикалық ойлау мен салыстырмалы талдауды талап ететін философиялық сұрақтар берілді. Нәтижесінде 1-орынды 33 топ студенті  Құрмашева Азиза, 2-орынды 34 топ студенті  Умирзаков Айтуган, 3-орынды 33 топ студенті  Саменова  Айдана иеленді.

Апталықтың екінші бөлімінде тәрбиелік іс-шара өткізілді. «Дүниежүзілік философия күніне» байланысты ұйымдастырылған тәрбиелік іс-шара Абай Құнанбайұлының 170 жылдық мерейтойына орайластырылып өткізілді.

         Іс – шараға Жалпы медицина факультетінің ЖМ14-032, ЖМ14-033, ЖМ14-034 топ студенттері ұйымдастырушылар ретінде қатысып, өз өнерлерімен, білімділіктерімен көзге түсіп, белсене ат салысты.

ЖМ14-034 топ студенті Сейтқалиева Мадина Абай Құнанбаевқа өз арнау өлеңдерін оқыды.

Абайдың өмірі мен қызметіне, қара сөздеріне құрылған бірнеше көріністерді ЖМ14-032, ЖМ14-033, ЖМ14-034 топ студенттері шеберлікпен орындап, дана Абайдың ролін сомдады.

ЖМ14-032 топ студенттері Тұңғыш Алуа, Асем Сайлаубаева, Айтнияз Венера, Нүсіпбек Ақмарал мың  бұралып билесе, ЖМ14-034 топ студенттері  халық  әндерінен попурри орындады. Құлақтан кіріп, бойды алар әсем ән мен тәтті күй тәрбиелік іс-шараға қатысушылар мен қонақтарды рухани ләззәтқа бөледі.

Апталықта студенттер «Дүниежүзілік философия күніне» арналған плакаттар сайысына да қатысты. Апта бойы кафедраның оқу бөлмелерінде философиялық мән-мағынаға ие плакаттар ілініп, кафедраның ОПҚ талдауынан өтіп, апталық қорытындысында жүлделі орындарға ие болған үздік плакаттар авторлары марапатталды. Жүлделі орындарды ЖМ14-026-002 топ, ЖМ14-025 топ, ЖМ14-032, ЖМ14-033, ЖМ14-034  топтар иеленді.

Апталықты кафедра меңгеруші З.У.Бисембаева және доцент Ғ.Т.Рсалдина қорытындылады.

Студенттер атынан кафедраның аға оқытушылары Тәттібек Н.М., Абдразакова Н.А. және оқытушы Турсунбаева С.Д. алғысымызды  білдіреміз.

ЖМ-14-034-01к

Рахметалы Даулет

                                     4