Гистология кафедрасында «Темекі жан мен тәннің уы» атты конференция

Гистология кафедрасында «Темекі жан мен тәннің уы»

атты конференция

2015 жылдың 5 қараша күні  Гистология кафедрасы мен «Жалпы медицина» факультетінің 3 курс 17 топтың студенттерінің және 2 курс 23-1, 22 топтарының ұйымдастырылуымен   INTRO VII корпусының №3аудиториясында «Темекі – жан мен тәннің уы» атты конференция өткізілді.

Конференцияны гистология кафедрасының профессоры Юй Р.И сөз сөйлеп ашты. Конференцияда «Жалпы медицина» факультетінің студенттері зиянды әдеттерден бойын аулақ ұстауға, салауатты өмір салтын сақтауға, темекі шегудің денсаулыққа қауіпі туралы мағлұмат берді.  Бұл шараға қатысқандар салауатты өмір салтының маңыздылығы мен мәнінталдап, өз тарапынан ойларын ортаға салды

Студенттер салауатты өмір салты туралы қанатты сөздер жазылған презентация, компъютер слайды, темекінің зияндығы туралы баяндамалар жасады. Өткізілген конференцияда студенттер адам баласына өте үлкен қауіп төндіретін зиянды зат – темекі туралы салмақты ой қозғады. Сонымен адам өмірге темекі тартушы болып келмейді екен, өсе келе жаман әдетке үйір болудан, өз ісіне мән бермеуден, темекі дәмін татып көріп, қалай темекіге тәуелді болғанын байқамай қалып, денсаулығынан айрылып жататынын басып айтты.

Конференция соңында студенттер егемендіктің тізгінін берік қолға алу үшін, ұрпақтың дені сау, рухани дүниесі бай, ғылым – біліммен жақсы қаруланған болуы шарт екенін айтып аяқтады.

Гистология кафедрасының меңгерушісі, доцент Ергазина М.Ж сөз сөйлеп, адам бұл өмірге қонақ, олай болса, бір ғана рет берілетін өмірді еңбек етіп, толық мәнді өмір сүру – бізге міндет,- деп конференцияны қорытындылады.

Конференцияның ұйымдастырушылары, кафедраның меңгерушісі, доцент М.Ж.Ергазина, оқытушылар А.Т Абжапарова, А.Р Есполаева, ал қонақтар профессор Юй Р.И, доцент М.С.Калинина.