Тәрбие жұмысы

Кафедра қызметкелері жалпы медицина факультеттің үшінші курс студенттерінің бірнеше тобына курация жасайды. Жоспар бойынша студенттермен курациялық сағаттар, жатақханада тұратын студенттердің тұрмыс жағдайларымен танысып, әртүрлі мәдени шаралар үйымдастырады. Міндетті түрде кураторлық сағаттарында: «Қазақстанның мемлекеттік рәміздері», «Қазақстан хирург-ғалымдарының Қазақстанда хирургия саласына дамытулары»,  «Университет пен кафедраның тарихы»,  «Шылым мен нашақорлықтың зияны» туралы «Жем қорлыққа» қарсы мәселелер талқыланады.

2016 жылы 11 қазан айында профессор Сулейменовтың А.А. 100 жылдық мерей тойына арналған отырыс студентттермен бірге өткізілді. Профессор Сулейменов А.А. тұралы кафедраның доценті Кушекбаев М.Н. баяндама жасады. Кездесудің соңында профессор Сулейменов А.А туралы бейне таспалар көрсетілді.

2017 жылы доцент А.Қаныбековтың басшылығымен қазан айында ақын Төлеген Айбергеновтың 70 жылдығына арналған әдеби кеш өткізіліп, баяндама жасалынып және оның өлендеріне жазылған әндерді студенттер орындады.

Сол жылы желтоқсан айында доцент А. Қаныбеков Ұлт тілін ұлықтаған тарлан ақын М. Шахановтың 75 жылдық шығармашылығына және ҚР Тәуелсіздік күніне арналған әдеби-сазды отырыс өткізді.