Тәрбие жұмысы

Ішкі аурулар пропедевтикасы   кафедрасындағы тәрбие жұмысы рухани байлықты, адамгершілік тазалықты, сымбатты жетілген қасиеттерді біріктіріп  үйлесімді дамыған, заманауи талаптарға сай адамды тәрбиелеуге бағытталған.

Тәрбие жұмысының негізгі бағыттары:

– азаматтық жетілу, отансүйгіштік, адамгершілік және моральдық қасиеттерді қалыптастыру;

– құқықтық мәдениетті тәрбиелеу, құқық бұзушылықтардың, теріс құбылыстар алдын алу;
– салауатты өмір салтын қалыптастыру;
– педагогикалық жұмыс;
– өзін-өзі тәрбиелеу қабілеті;
– белсенді өмірлік ұстанымды дамыту.

Кафедрада патриоттық сезімін дамыту аясында келесі шаралар өткізіледі. Олар:   Тәуелсіздік күнін, Халықтарының бірлігі күнін, Отан қорғаушылар күнін, Жеңіс күнін, ҚР Мемлекеттік рәміздері күнін, Балаларды қорғау күнін атап өту.

Студенттер тәлімгерлердің басшылығымен мына мейрамдарға арнап салтанатты кездесулер мен концерттер ұйымдастырады.Олар:

– Халықаралық әйелдер күні, 8 наурыз;
– Медицина қызметкерінің күні;
-Оқытушылар күні.

Оқытушылар кафедрада оқитын 3 ЖМФ студенттер топтарына тәрбие жұмысын жүргізеді. Студенттермен медициналық этика, деонтология қағидалары және клиника қызметкерлерімен қарым-қатынас жасау салауатты өмір салтын насихаттау тақырыптарына әңгімелесулер өткізіліп тұрады. Тоқсан сайын жатақханада студенттермен кездесіп, олардың күнделікті тіршілігімен  танысады. Оқытушылар кураторлық топтармен көрсетілімдерге, фильмдерге және мұражайларға барып тұрады.

«Дүниежүзілік қарттар күні» (01.10.) кафедра ардагерлеріне құрмет көрсету мақсатында студенттердің қатысуымен шаралар өткізіліп тұрады. Одан басқа, отаншылдық сезімді дамыту мақсатында «Наурыз мейрамы», «Республика тәуелсіздік күні» сияқты ұлттық республикалық мейрамдарға арналған мерекелік концерттік бағдарламасы бар  дөңгелек столдар, құрылтайлар аталып өтеді.

Студенттер мен кураторлар қайырымдылық іс-шараларға қатысады, қалалық паллиативтік көмек орталығына (ХОСПИС) барады, онда ауыр науқастарға қамқорлық жасауға көмектеседі. Онкология бөлімшесінде  студенттер медициналық қызметкерлер мен медбикелерге көмектеседі, ауыр науқастарды тамақтандыру мен оларға дәрігер  белгілеген емдік тағайындауларды жасайды. Бұл шаралар арқылы студенттер  медициналық деонтологияны үйренеді. Сондай-ақ, кафедра соңғы 3 жыл көлемінде ақыл-есі кем балаларды  түзетуге арналған балалар үйіне қоғамдық көмек көрсетеді, яғни осы балаларға   мерекелік концерттер ұйымдастырады және тәрбиешілерімен бірігіп олардың ойындары мен оқуларына  арнап әдістемелік құрал-жабдықтар  дайындауына көмектеседі.

2018 жылдың  1 маусымында  ХМФ 48 тобының студенттері  ЖШС МО «ХАК-тың»  қызметкерлерімен бірігіп осы орталыққа  тіркелген халықтың балаларына арнап мерекелік   шоу  ұйымдастырды.