“Біріктіріп оқыту орталығында” «Ұлы Отан Соғысы Жеңісіне 70 жыл» тақырыбына арналған дөңгелек үстел өткізілді

26.03.2015ж. “Біріктіріп оқыту орталығында” «Ұлы Отан Соғысы Жеңісіне 70 жыл» тақырыбына арналған дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге  Ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасы мен патологиялық физиология модулі қызметкрелері және ЖМ факультетінің 3 курс 20, 26, 27 топ студенттері қатысты. Дөңгелек үстел бағдарламасы бойынша, сөз алғандар: Ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасының меңгерушісі, «Біріктіріп оқыту орталығы» басшысы, профессор Г.М.Есенжанова, ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасының  асссистенттері Сулейменова А.С., Намазбаева Ж.Е., патологиялық физиология модулі ассистенті Ермаганбетова А.Ш., студенттер қауымынан өнер көрсетіп, баяндамалар мен өлең шумақтарын оқығандар: Ташимова Д. Рахмет Е., Абдашева М., Батырова Г., Берлибаева І., Төлеуова Б.. Бағдарлама бойынша ҰОС туралы бейнетаспалар тамашаланып, Левитан мен Б. Момышұлы сөздерінен үзінділер , «Мәншүк Маметова өмірбаяны» тақырыбына  презентация тыңдалды.

 Содан соң, дөңгелек үстел бағдарламасы бойынша  профессор Мельдеханов Т.Т., профессор Жоламанов М.Е. және 3 курс студенті ой білдірді.