Алматы қаласы бойынша 18-ші қазанда жалпы қалалық сенбілік өтті.

Қала  сенбілігі

Алматы қаласы бойынша 18-ші қазанда жалпы қалалық сенбілік өтті. С.Д.Асфендияров атындвғы Қазақ Ұлттық медицина университетінің «Интеграциялық оқу үрдісін қалыптастыру орталағында» Жалпы медицина факультетінің 3-ші курс студенттері және  Гистология модулінің оқытушыларымен бірге аумақ тазалығын сақтау мақсатында тазалық іс-шаралары жүргізілді. Тәлімгерлер мен оқытушылар бірігіп аула сыпырып, қоқыс жинап пайдалы еңбек күнін өткізді. Осылайша қала тазалығына титтей де болса өз үлесімізді қостық деп ойлаймыз.

Жалпы медицина факультетінің тәлімгерлері мен

гистология модулінің оқытушылары