Академиялық ұтқырлық-заман талабы

                           Академиялық ұтқырлық-заман талабы.

                                            «Сендер,тәуелсіз қазақ елінің білімді жастары,өз соқпақтарыңды салып,оны елді дамытуға

бастайтын даңғылға айналдыруға тиіссіңдер»

Н.Ә.Назарбаев

 

    Біз С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің жалпы медицина факультетінің бірінші курс студенттері академиялық ұтқырлық аясында 29 қаңтардан бастап «Қазақстан тарихы» пәнін Әль-Фараби атындағы ҚазҰУ-де оқып жатырмыз.

Университет табалдырығына барған кезде бізді Қазақстан тарихы кафедрасының доценті Ноянов Еділ Ноянович құшақ жая қарсы алды. Оқу барысында біз «Қазақстан тарихынан» дәріс тыңдаумен қатар ҚазҰУ қалашығында орналасқан «Әль-Фараби»кітапханасымен, «Керемет»студенттерге қызмет көрсету орталығымен танысып,студенттер тұратын жатахқана біреуінде болып қайттық.

Ертесіне студенттер сарайында өткен «Құнанбай»көркем фильмінің тұсаукесерінде актер Досқан Жолжақсыновпен кездесіп, артынан фильмді тамашаладық.Сонымен қатар ЭжБЖМ доценті Бейсенбаева Ажар Кәкенқызының жетекшілігімен  экономика және бизнес жоғары мектебінің 3 курс студенттерімен кездесу ұйымдастырылды.ҚазҰУ-нің студенттері біздерді «университет жүйесімен» жұмыс істеуге, ҚазҰУ-де студенттерге арналған тәрбиелік мәні бар конкурстар жайында презентация көрсетті. Кездесу соңы пікірталасқа ұласты. Бұл пікірталас дәрігерлік өмірге аттанғалы отырған студенттер мен экономика саласының студенттерін қыздыра түсті. 4 қаңтар күні Еділ Ноянович біздің студенттерді  «Айтуға оңай» бағдарламасына алып барды.Біздің студенттер бұл бағдарламада жақсы атсалысты. Менің айтарым біздің ҚазҰУ-де өтіп жатқан әр күніміз өте қызықты өтуде!

 Бізді осындай академиялық ұтқырлық бағдарламасымен білім алмасуға жағдай жасаған сүйікті университетіміз ҚазҰМУ-ға және деканатқа алғысымыз шексіз.

                                                                   Жалпы медицина факультетінің

                                                                  1курс ЖМ15-011-2топ студенті,

топ жетекшісі

                                                                                          Қоныс Ұлбосын