(KAZ)  «Иммунизацияның өзекті мәселелері»

Извините, этот текст доступен только в “KAZ”.

АИВ-инфекциясы курсы бар эпидемиология кафедрасы жұқпалы аурулардың иммундық алдын алу циклін өткізуде биылғы жылы «Қолданыстағы иммунизация» кітабының шығуына орай Әміреев Сәкен Әміреұлына арналған ашық сабақ өтті. Қазіргі таңда ұлттық тілдегі оқу құралдардың тапшылығына байланысты «Қолданыстағы иммунизация» оқу құралы студенттер үшін таптырмас ұлттық қазына болып табылады. Осы орайда Қоғамдық денсаулық сақтау 3 курс 2 топ студенттерінің «Иммунизацияның өзекті мәселелері» тақырыбында өтетін ашық сабақ өтті.

Алғы сөз АИВ-инфекциясы курсы бар эпидемиология кафедрасының мәртебелі профессоры Әміреев Сәкен Әміреұлына беріледі.С.Ә.Әміреев жұқпалы аурулардағы иммундық алдын алудың өзекті мәселелерін, соның ішінде қазіргі таңда егу күнтізбесінің қайта қаралып өзгертулер енгізілгені туралы және қазіргі таңда жұқпалы аурулармен күресудегі вакцинпрофилактиканың басты және тиімді шара екенін айта кетті.

Ашық сабақта студенттер иммундық алдын алуды атқаратын болашақта өздері болатын дәрігерлердің рөлдерінде болып және олардың  жауапкершіліктерін сезінді.

Ашық сабаққа белсенді ат салысқан студенттерге эпидемиология кафедрасының оқу ісінің меңгерушісі Зикриарова Санам Максутжановна «Алғыс хат» табыстады.

Модератор – аға оқутышалар Бейсенбинова Жанат Бекмуханбетовна және Темірбаева Лаура Жумагалиевна.