(KAZ) «Желтоқсан-тәуелсіздік Ұлы рухы»

Извините, этот текст доступен только в “KAZ”.

2019 жылдың 9 желтоқсанында Аудиториялық ғимараттың 8-аудиториясында Гистология кафедрасының ассистенті, аға куратор Омарова Р.С., ассистент Оразакиева Т.Т. мен лектор Есполаева А.Р. және Жалпы Медицина мектебінің 18-16-02, 19-01,02 топ студентерінің ұйымдастыруымен  «Желтоқсан-тәуелсіздік Ұлы рухы»

атты Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған кеш өтті. Қанша жыл, қанша ғасыр өтсе де ұмыттылмайтын оқиғалар болады. Ұмытылмайтыны – оның тағдырымен байланыстылығында. 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі де ауыл-үйдің әңгімесі емес, дүмпуі алып құрлықты аралап кеткен ғалам тарихи оқиғалардың бірі.

Тәуелсіздіктің түп тамырына желтоқсан оқиғасының тікелей байланысы бар екеніне ешкім дау айта қоймас. Десек те, 1986 жылдың қайғылы желтоқсаны бір күнгі немесе бір жылғы наразылықтың көрінісі болмаса керек.

Желтоқсан оқиғасы Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова тәрізді батырларымыздың бар екенін дәлелдеп берді.

Осы көтерілістің нәтижесінде 1991 жылы біздің еліміз өз алдына егемендік алып, тұңғыш президентімізді сайлап, тәуелсіз егеменді ел болдық.

Президент жарлығымен 1996 жылы 9 желтоқсанда Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековке “Халық Қаһарманы” атағы беріліп, ата – анасына “Алтын жұлдыз” айрықша ерекшелік белгісі тапсырылды.

Сәбира, Ләззат, Ерболдарға “Ақтау жөніндегі анықтама” қағаздары берілді.

Міне, осы тәуелсіздіктің туын желбіреткен ұлтжанды аға — әпкелеріміздің арқасында егеменді ел болуға қол жеткіздік.Тәуелсіздік! Қасиетті де, құдіретті осы бір ұғымның тереңіне зер салып, ой жіберейік. Тәуелсіздік атты бұл тәтті сөздің тұңғиығында ата – бабамыздың ғасырлар бойғы талай – талай боздақтардың ұрпаққа қалдырған аманаты жатыр.

Ендеше  қазақ жастары төл тарихты жетік біліп қана қоймай, өркениетті ел қатарына қосылуға үлестерін қосуы абзал. Білім мен іскерлік, ұлттық рух пен жігер ғана оны сол биікке жеткізеді.Өз үлесін қосып жүрген жастардың бірі  Сейітқожа Берекенің орындауында өлең «Тәуелсіздік туралы» арнау тыңдалды. .

Кештің  арнайы қонағы  ЖМ  мектебінің 2 курс бойынша  декан орынбасары Марал Сакеновнаға, Жания Жанбосыновнаға   қошеметпен сөз беріп, жылы лебізін таңдады..

Кештің соңында Гистология кафедрасының меңгерушісі Ергазина Марал Жүнісбековнаға сөз берілді. Желтоқсан шеруіне қатысқан Гистология кафедрасының лаборанты Жанар Елгазиновнаға сөз берілді, сол кезде бастарынан өткен қиыншылықтарды есіне түсіріп, көзіне жас алды. Студенттерге жарқын Болашақ , ақ жол тілеп сөзін аяқтады.