(KAZ) Тәуелсіздік ел тілегі – білімді ұрпақ

Извините, этот текст доступен только в “KAZ”. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Гистология кафедрасының Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік ел тілегі – білімді ұрпақ» атты дөңгелек үстелдің қорытындысы

 2018 жылдың  28 қараша күні сағат 14.00 анатомия корпусының № 3-ші аудиториясында  Гистология кафедрасының тьюторлары Р.С.Омарова, А.К.Жанбырбаева және И.А.Мырзаханованың және ЖМ мектебінің 17-008-1, 2; 17-009-1, 2 және 17-010-1, 2 топ студенттерінің  ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік ел тілегі – білімді ұрпақ» атты дөңгелек үстел өткізілді.

Іс – шараны ұйымдастырудағы түпкі мақсаты: Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата – бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өткендігін бүгінгі ұрпаққа жеткізе білу болды.

 

   Ту тігілді халқымның бүгін бағына

Жас өрендер желбіретіп нық ұста

Ғасырларға жалғастырып елдікті

 Дақ түсірме ата баба рухына

Үлгі бізге аталардың ерлігі

  Ұлағаты өнегесі еңбегі

Тәуелсіздік туын ұстап жоғары

Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі.

 

«Орнында бар оңалар» демекші, ел орнында, жер орнында, жерге жетер байлық жоқ. Жер болса, ел болады, ел болса ер болады. Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүниежүзіне танылды. 130-дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.

Тәуелсіздікке арналған іс шара барысында елімізбен бірге алған асулары мен жеткен жетістіктері айтылып, яғни презентациялық бағдарлама қойылды, студенттер өз өнерлерін көрсетті. Ән айтылып, күй ойналды.

Дөңгелек үстел қонақтары, яғни оқытушылар мен студенттер кешті қорытындылап сөз  сөйледі, алған әсерлерімен бөлісті. Сондай — ақ ісшараның белсенді мүшелері студенттеріміз өз ой пікірлерін білдірді.

Іс-шараның соңында кафедра меңгерушісі М.Ж.Ергазина  сөз сөйледі. Сонымен қатар, кафедраның аға оқытушысы Ж.О.Аяпова 1986 жылы 16 желтоқсанда болған кейбір жайттарды дөңгелек үстел қонақтарымен бөлісті және Елбасының Қазақстан халқының алдындағы ерен еңбектерін атап өтті.

Ең соңында, іс-шараны ұйымдастырып, өткізуге атсалысқандарға алғыс білдірді.

 

Кафедра меңгерушісі, доцент                                           М.Ж.Ергазина

          Кафедраның аға кураторы                                                Р.С.Омарова