(KAZ) “Сегізінші кереметі әлемнің” атты 8 наурыз мерекесіне арналған кеш қорытындысы

Извините, этот текст доступен только в “KAZ”.

2019 жылдың 26 акпанында Гистология кафедрасында № 3 аудиторияда «Сегізінші кереметі әлемнің» атты мерекелік кеш болып өтті. Маңызды іс-шараны өткізу кафедраның 2-ші курс кураторлары: А.К.Жанбырбаева  мен Т.Т.Оразакиева қатысуымен және ЖМ 17-09-1,2,  ЖМ 17-13-1,2  кураторлық топ студенттерімен ұйымдастырылды. Мерекелік кешке жалпы медицна факультетінің деканы Шопаева Гульжан Амангельдиевна, жалпы медицна мектебінің 2 курс студенттеріне жауапты декан орынбасары Слу Хабибиевна, физиология және анатомия кафедраларының меңгерушілері, гистология кафедрасының профессорлық-оқытушылық ұжымы шақырылды.

 

Мақсаты: Студенттерге 8- наурыз мерекесі туралы түсінік беру, отбасындағы ананың орнын,анаға деген құрметті ұғындыру, еліне,жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, адамгершілік, қамқорлық,достыққа, ұйымшылдыққа баулу және әдемілікті сезіне білуге үйрету.

Қайырлы күн, қымбатты жиналған қауым!  Құрметті ұстаздар,  ақ жаулықты аналар мен әпкелер, қарындас, құрдастар! Сіздерді көктемнің алғашқы мерекесімен құттықтай отырып, «Сегізінші кереметі әлемнің»  атты мерекелік кешке қош келдіңіздер дейміз!  Мерекелік кешті ашу үшін гистология кафедрасының меңгерушісі Ергазина Марал Жүнісбековнаға сөз кезегі берілді!

ЖМ 17-009-1,2 және ЖМ 17-013-1,2 топ студенттері «ҚР еңбек сіңірген әйел азаматтары» атты презентациямен таныстырды

ЖМ17-13-1,2  топ студенті  Есеналиев Нурдаулеттің орындауында балбырауын күйі.

Мерейлі сәт мерекеге ұласып, 
Сегізінші наурыз келді қыр асып.
Қыз- келіншек, нәзік жандар мейрамы-
Көктемімнің шапағатын тұр шашып.

Құттықтаймыз аналарды, қыздарды, 
Мерекеден шуақты бір із қалды.
Болсын әркез көтеріңкі көңілдер,
Нұрын шашсын мерекеге өңірлер!

Дүниеде ең кемеңгер дананы, 
Ана табады, аялайды бағады.
Сол үшінде құдіретіңе бас иіп,
Құрметтейік қасиетті – ананы

13 топтың студенттерінің  орындауында «Соқыр Ана» көрінісі

9   топ студенті Дәуенова Жібектің орындауында Ақжол нұрғожаевтың «Көңіл толқыны» күйі

 Ананың қадірін онан сайын сезіне түсіну үшін бір әдемі жыр жолдары оқылды: 13 топ студенті Шәріпханова Айдананың орындауында  Ана сен бақыттысын, жылама атты өлең жолдары

Көңілің алатаудың ақ қарындай

 Мейірімің күннің шуақ шақтарындай.

Қалайша аяулы ана тына алармын,

Ән болып сағыныштан ақтарылмай.

13 топ студенттерінің  орындауында   «Ана туралы жыр» әні

Құрметті қонақтар, біздің «Сегізінші кереметі әлемнің» атты мерекелік кешімізді көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп-көп рақмет!

 Аяулы ұстаздар! Сіздер өмірді нұрландырып, шаңыраққа шаттық нұрын себесіздер. Сіздердің қолдауларыңыз әркімнің жүрегіне сенімділік ұялатып, шуақ сыйлайды. Осы айрықша қасиеттеріңіз мәңгілік салтанат құрып, елге ырыс-құт дарысын! Амандықта жүздескенше! 8 наурыз мейрамы құтты болсын!

Қорытынды: Мерекелік кеш соңында сөз кезегі аға куратор Омарова Р.С. берілді: 8 наурызға ұйымдастырылған кешке оң баға берді. Студенттердің ұйымдастырған іс-шара оқытушыларға жақсы әсер қалдырғандығын атап өтті. Келе жатқан мерекемен құттықтап, алғыс білдірді.