(KAZ) Д.А.Қонаев атындағы мұражаймен танысу

Извините, этот текст доступен только в “KAZ”. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Биылғы жылы қаңтар айының 2018 жылында мемлекет және қоғам қайраткері,  академик Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туғанына 106 жыл толды. Осыған орайға байланысты Алматыдағы Д. А. Қонаев мұражай-үйі «100 жылдыққа 100 шара» бағдарламасы аясында «Тұғыры биік тұлға» деген тақырыппен бірқатар іс-шаралар өткізілуде. Сонымен қатар Президентіміздің еліміздің барлық халықтарына  ұсынған «Рухани жаңғыру»  шараларына байланысты С.Ж. Асфендияров атындағы медицина университетінің жалпы медицина факультетінің үшінші курс   15-001-2 тобының студенттері «2 Хирургия» кафедрасының доценті А. Қаныбекұлының басшылығымен Д. А. Қонаев мұражай-үйіне орналасқан экспонаттармен 23.04.2018 жылы танысты.

Аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, академик Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың есімі тек Қазақстан халқына ғана емес бүкіл әлемге әйгілі. Ұлы тұлға өзінің 45 жылдай уақытында еліміздің мемлекеттік және саяси өмірінің ең биік шыңында болды. Дінмұхамед Ахметұлының Қазақстанның экономикасының дамуына қосқан үлесі ұшан-теңіз екендігін студенттер экскурсия барысында танысты.

Мұражайдың туристік гиді Кубашева Е.И.  таныстыруы бойынша Дінмұхамед Ахметұлының жоғарыда мемлекетімізге көрсеткен орасан еңбектерін ескере отырып  Қазақстан Республикасының  Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың нұсқауымен  1994 жылдың 24 ақпанында Елбасының «Д.А.Қонаевтың есімін мәңгі есте қалдыру мақсатында»  қаулысы шыққан болатын. Онда Дінмұхамед Ахметұлының Қазақстанға сіңірген ерекше еңбегі үшін Алматы қаласында Д.А.Қонаевтың мұражай-үйін құру туралы айтылды.  Осыған орай 2001 жылдың қараша айында Алматы қаласы әкімдігінің және  Халықаралық Қонаев қоры және оның президенті Д.А. Қонаевтың көмегімен мұражай 2002 жылдың 12 қаңтарында Д.А.Қонаевтың 90 жылдық мерейтойында мұражай-үйі салтанатты түрде 920 көрерменнің қатысуымен ашылды. Таспа қию рәсімі белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Бәйкен Әшімов пен Қонаевтың қарындасы Гаухар Ахметқызына тапсырылған болатын.

Бүгінгі таңда мұражайда  Қонаевтың бюсті, жеке қолданған заттары, портреттері, кілемдері, тарихи құжаттары бар. Қонаевтың жеке заттарына жататын дүниелер студенттерге ерекше қызығушылық туғызды. Бұлар көптеген куәліктер, қаламдар, әшекейлі оттықтардың жиынтығы, қолдан жасалған түрлі пышақтар, қару-жарақтар, танктердің сувенирлері бар екендігі белгілі болды. Осының барлығын қолмен ұстап көруге болатындығына экскурсияға барған студенттердің көздері жетті.

Мұражайдың   кітапханасында Д.А. Қонаевтың жеке өзінің кітаптары мен қызметтес әріптестерінің кітаптары да  орын алғандығын, сонымен қатар кітапханада  Д.А.Қонаев туралы жазылған 66 кітап топтамасы бар екендігін, кітаптардың жалпы санының 5000 данадан асатындығы туралы  туристік гид Жүсіпбаева Н.С.  айтып берді.

Экскурсия барысында студенттер экспонаттарға қызығушылық танытып, естелік кітапқа мұра жайдың қызметкерлеріне алғыс айта отырып, Д.А. Қонаев туралы  сүйіспеншіліктерін білдіре отырып, соған байланысты оң пікірлерін жазып қалдырды.