(KAZ) Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру

Извините, этот текст доступен только в “KAZ”. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

«Ұлттық Медицина универсситеті» АҚ  Жалпы медицина факультетінің  «Гистология» кафедрасында  2019 жылы 15 сәуірінде сағат 14.30- да «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласымен таныстыру және талқылау мақсатында дөңгелек  үстел ұйымдастырылып , өткізілді.

Дөңгелек устелге «Гистология» кафедрасының оқытушылары мен жалпы медицина мамандығының 2 курс және 1-курс студенттері қатысты.Дөңгелек үстелдің қатысушылары рухани жаңғырудың барлық бағыттарына «Заманауи Қазақстанды өз қолымен,күшімен және талантымен жасап отырған адамдардың нақты бейнесін қоғамға көрсетуге» қатысты өз ойларын ашық айта отырып,белсенді және қарқынды талқылады. Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жас­тары­мыз басымдық беретін межелердің қатар­ында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді.

Рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі полюстерін қиыннан қиыс­ты­рып, жарастыра алатын құдіретімен маңызды.Бұл – тарлан тарихтың, жасампаз бүгінгі күн мен жарқын болашақтың көкжиектерін үйле­сімді сабақтастыратын ұлт жадының тұғыр­намасы.

ҚазҰМУ студенттері рухани жаңғыруға қатысты өз пікірлерін айтты.

«Гистология» кафедрасы ұйымдастырып, өткізген дөңгелек үстел қызықты және нәтежелі өтті.