«General medicine» студенттік электронды журналының тұсаукесері

Құрметті студенттер мен ҚазҰМУ ұжымы!

Сізге «Жалпы медицина» факультеті деканаты және өз атымнан «General medicine» студенттік электронды журналының бірінші басылымын ұсынуға рұқсат етіңіз!

Аталмыш журналда Сіздер факультет тынысымен толыққанды танысып, белсенді студенттеріміздің атқарып жатқан жұмыстарын тамашалай аласыздар.

Жобаның құру жұмыстары және журналды жасау барысына ЖМ факультетінің тьюторы Сұлтанбек Бағдат Күмісбекұлы жетекшілігімен факультет студенттері: 4 курс студенті Нұрғожа Айдана мен 3 курс студенті Жұмаш Сержан ат салысты.

Сонымен қатар, журналда ҚазҰМУ-дың Баспасөз қызметі мұрағатынан фотоматериалдар мен анықтамалар алынды.

Журнал айына бір рет шығарылады.

Ізгі құрметпен, ЖМ факультетінің деканы Г.А. Шопаева.

General medicine — 1 шығарылым