(KAZ) «Welcome to the General Medicine»

Sorry, this entry is only available in KAZ and Russian.

5 қазан күні ҚазҰМУ «Concordia» театрында Жалпы медицина мектебі студенттік Деканаты және Жалпы медицина мектебі 2 курс студенттері ұйымдастыруымен «Welcome to the General Medicine» атты дәстүрлі 1 курс студенттерін ҚАРСЫ АЛУ КЕШІ өтті. Кешті ҚазҰМУ  академиялық жұмыстар бойынша проректор Байльдинова Клара Жеңісқызы ашып, студенттерге ақ жол тіледі. Жалпы медицина мектебі деканы Шопаева Гульжан Аманкелдіқызы 1 курстарға сәттілік тілеп, студенттік билет табыстады. 1 курс студенттері  университет, факультет мәртебесін биік ұстауға салттанатты түрде ант берді. Кеш барысында Жалпы медицина мектебі өнерлі студенттері Атымтайқызы Әсем, Оразбай Шерхан, Смағұл Қымбатгүл,  Сибат Сұлтан, Маратова Лаура,  «Boom Boom Clap» би тобы, «Жайдарлы жандар» квн тобы,  «About us» би тобы, Қадырова Айнұр, Асылхан Ақнұр,  Вакасов Дильзат, Жасұлан өз өнерлерін көрсетті. Сонымен қатар 2 курс студенттері дайындаған Студенттік өмірдің қызығы және қиыншылықтары туралы видео көрсетілді. Кеш барысында онлайн ойын, кері байланыс ретінді ойындар ойнатылып, жеңіпаздарға  ҚазҰМУ Білім Алушылар Кәсіподағы атына сыйлықтар табысды. Барлық 1 курс студенттеріне 2 курс студенттері атынан ҚазҰМУ логотипімен төсбелгілер  табысталыды.

Қарсы алу кешін Жалпы медицина мектебі Студенттік Деканы Мәмбет Ержан қорытындылап, барлық ұйымдастырушыларға алғыс хат табысталды. Ұйымдастырушылар : Калбаев Берік, Дүйсенбай Әйгерім,  Кастеева Айым, Умара Гулнур,Турдыкулов Алишер, Мұңзат Қарлығаш, Садылхан Темірлан, Смаил Мәулен, Қуаныш Арайлым, Сүлеймен Жасұлан, Нуриева Мехриниса, Саятов Санжар және барлық 2 курс студентері, Жалпы медицина мектебі Студенттік Деканатына мүшелері алғыс білдереміз.

Жалпы медицина мектебі Студенттік Деканаты атынан 1 курстарға арнап ҚазҰМУ Аренасында Би кеші ұйымдастырылды.