1 курс студенттері жарайсындар!!!

2015 ж. 27-28 наурызда Астана қ. Қазақ Технология және Бизнес университетінде өткен «Жаңа заманға-озық технология» атты ХVI Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияда жүлделі І, ІІ орын алған жалпы медицина факультетінің 1 курс студенттері Шымырбай Анелямен Мәулім Аруды ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

2015 ж. 31 наурызда Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық университетінде Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Қазақ хандығының дара тұлғалары: ерлік пен елдіктің елшісі» атты Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарының студенттері арасында ұйымдастырылған интеллектуалды олимпиадада ІІІ дәрежелі орынды жеңіп алған жалпы медицина факультетінің 1 курс студенттері Үсен Лазизаны, Сушенов Асаналиді, Мейірбек Ғалымды ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

«Студенттік көктем – 2015» Алматы қалалық дарын және шығармашылық фестивалінде би байқауы бойынша ІІ орын – жалпы медицина факультетінің 1 курс студенті Жақсыбекова Тоғжанды, ән байқауы бойынша ІІІ орын – жалпы медицина факультетінің 1 курс студенті Темірзақова Жазираны ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Жарайсындар! Оқуда жоғары жетістіктерге және көптеген жеңістерге жетулеріңе тілектеспіз!

Жалпы медицина факультетінің деканаты

Scan10002

Scan10001

Scan10007

олимпиада 3 орын ЖенПИ

Scan1