ҚазҰМУ-нің студенттерін оқыту үрдісінде үштұғырлы тіл әдісін қолдану

Қазіргі дамыған қоғамның талабы болып қазақ, орыс, ағылшын тілдерін білу. ҚазҰМУдың білім беру жүйесіне сәйкес үш тілде өткізілетін тәжірибелік сабақтар жалпы сабақ санының 20% құрауы қажет. Осы ұстанымды жүзеге асыру мақсатында ҚазҰМУдың жедел медициналық жәрдем беру кафедрасында жалпы медицина факультетінің 5 курс  05 және 49 топ студенттері ғылыми жетекшісі болып медицина ғылымдарының докторы, профессор Мусаев А.Т. бастамасымен үш тілде өзіндік жұмыс баяндады. Тақырыпты талдау кезінде – жедел медициналық жәрдем беру департаментінің директоры, профессор, медицина ғылымдарының докторы Турланов К.М., м.ғ.к., профессор Ахмедова Г.Ж., м.ғ.к. доцент  Биназаров Н.Д., кафедра ассистентері Балканай Г.Б., Кундузбаева М.М. қатысып, оң бағаларын берді.

Баяндаған студенттер: Айтелі Рауан, Төлегенова Гулзада, Өмірғалиева Жаннета, Дәсербай Қызжібек, Амангельдиев Сұлтанбек, Рахымбекова Мәдина, Алибекова Акнур, Бегларов Дилшад, Кабдекенова Жанаргул, Кусманова Гульбахыт, Магомедов Гаджи, Мунурова Арзигуль.

Бұл әдістің ерекшелігі – негізгі тақырыптың әр бөлімін қазақ және орыс топтары студенттерінің ағылшын тілін меңгеру деңгейіне қарамай, үш тілде баяндалуы, осы ерекшелік болашақта ағылшын тілін жетік меңгеруіне септігін тигізеді.

Келесі кезекте ҚазҰМУдың білім беру жүйесінде үштұғырлы тілдің студенттердің білім алу  үрдісінде болашақта қолдау табады.