(KAZ) Жалпы Медицина мектебінің «Саналы ұрпақ» клубы өзінің жұмысын бастады

Sorry, this entry is only available in KAZ and Russian.

Жақында ғана жалпы медицина мектебінде “Саналы ұрпақ” клубы жұмысын бастады. Негізгі бағыты сыбайластық жемқорлыққа қарсы қосғалыс болып табылады. Аз уақыт ішінде біздің  ALMA MATER белсенділерімен көптеген жобалар мен акциялар жүргізілді. Жұмыс барысында студенттердің міндеттері ғана емес, сонымен қатар құқықтары да айтылып кетті.

Ең алғашқы жұмысымыз “Honest student” тақырыбында түсірілген бейнебаян болды. Бұл жобаның мақсаты – студенттерді академиялық адалдықты бұзбауға шақыру. Бұл бейнебаян студенттер арасында кең таралымға ие болды, оның дәлелі ҚазҰМУ-дің ресми сайтында, әлеуметтік желілердің бірінде қалдырылған пікірлер мен қаралымдар болып табылады.

Ескерте кететін жайт, түсірілімдер сабақтан тыс уақытта және студенттердің өз қалауымен жүргізілді.

Келесі жобамыз “Мен адал білім жолында” тақырыбында өткізілген акция. Бұл ақция академиялық адалдықтың негізгі принциптерін қамтыды. Студенттерге академиялық адалдыққа байланысты сұрақтар қойылды және жауап беруге қиындық туындаған жағдайда біздің белсенділеріміз түсіндіру жұмыстарын жасады. Осы жобада қатысқан әрбір студентке академиялық адалдықтың принциптері жазылған тәттілер таратылды.

Қазіргі уақытта жасалған соңғы жобамыздың бірі – академиялық адалдық лигасының мүшесі болып табылатын әль-Фараби атындағы ҚазҰУ белсенділерімен пікір алмасу болып табылады. Негізгі мақсат – осы бағытта студенттер арасында тәжірбие алмасу және қызықтыратын сұрақтарға жауап алу.

Жалпы медицина мектебіндегі “Саналы ұрпақ” клубы жас жоба болып табылады. Қысқа уақыттың ішінде көптеген жұмыстар атқарылды, бірақ бұл тек басы ғана. Білім жүйесінде сыбайластық жемқорлықты түбімен жоюға ат салысып, жемқорлықтан бос елде тұруға бағыт алған, ұлтжанды, бәсекеге қабілетті жастарды дайындау – біздің клубымыздың негізгі мақсаты.