«Жалпы медицина» факультетінің 1 курс студенті «Ақмаңдайлым» әншілер байқауында жеңімпаз атанды

2017 жылдың 29 наурызында Алматы технологиялық  университетінде Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты және «Алтын сақа» қайырымдылық  қорының ұйымдастыруымен КСРО және Халық әртісі, халық қаһарманы Роза Бағланованың 95 жылдық мерейтойы құрметіне «Ақмаңдайлым» әншілер байқауы өтті.

Халық әртісі Р.Бағланованың өмір жолы мен еңбектерін насихаттауға арналғанбайқауда С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ  атынан екі студент қатысты. Байқау қорытындысы бойынша Жалпы медицина факультетінің 1 курс студенті Атымтайқызы Асем Ш.Қалдаяқовтың «Ақмаңдайлым» әнін орындап, I-орынды жеңіп алды. Жүлде құтты болсын!