(KAZ) ҚазҰМУ-да футболдан «A- Liga» 2018-2019 жылғы  маусымының жеңімпазы анықталды

Sorry, this entry is only available in KAZ and Russian.

ҚазҰМУ-да «SDF» студенттік өзін-өзі басқару ұйымы ұйымдастыруымен ҚазҰМУ Білім алушылар кәсіподағы қолдауымен ҚазҰМУ ректоры (2008-2016ж) профессор Ақанов Айқан Ақанұлы атындағы футболдан II дәстүрлі «A-Liga» 2018-2019 жылы маусымы аяқталды.Әр аптаның жексенбінде командалар 1турдан ойнап отырды. 7 айға созылып, 24 команда 240-тан астам студент қатысқан биылғы маусымда жеңімпаз тек соңғы 23-турда анықталды.

Лига жеңімпаздары арнайы кубокпен және медальдар, мадақтамалармен марапатталды:

I орын – “Барыс” футбол командасы

II орын – “Тарлан” футбол командасы

III орын – “Shym City” футбол командасы

Жеке номинация бойынша жеңімпаздар:

“Үздік ойыншы” – Жумабек Досжан “Shym city”

“Үздік қақпашы” – Қошқұл Амантай “Shym city”

“Үздік қорғаушы” – Жүрсінбеков Дінмұхамед “Барыс”

“Үздік сұрмерген” – Ғинаятов Асылбек “Fulxam”

“Ең үздік жас ойыншы ” – Жұбандықов Заңғар “SDF”

“Жыл жаңалығы” команда –  “Fulxam”

“Ең үздік шабуылдаушы команда ” – ” SDF ”

Қатысушыларды марапаттау салтанатына келген қонақтар :”Дене тәрбиесі және денсаулық сақтау” кафедра меңгерушісі Фадеева Ольга Юрьевна.

Ұйымдастырушылар:”SDF” студенттік өзін-өзі басқару ұйымы

Қолдаған:ҚазҰМУ кәсіподақ ұйымы.