Ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасы №2 бөбекжай балабақшасында мейірімділік шара өткізіп қайтты

Ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасы қызметкерлері  ЖМ факультетінің тьюторлық 3 курс студенттерімен бірге  30.03.2016ж. Алматы қаласы «Ақыл есінің дамуы қалыпты жетілмеген (даму ерекшелігі жетілмеген) балаларға арналған арнайы (түзету) №2 бөбекжай балабақшасында мейірімділік шара өткізді.

Кафедра оқытушылары «жалпы медицина» факультетінің 3 курс тьюторлық топ студенттерімен Алматы қаласы «Ақыл есінің дамуы қалыпты жетілмеген (даму ерекшелігі жетілмеген) балаларға арналған арнайы №2 бөбекжай балабақшасында мейірімділік шара өткізіп қайтты. Мейірімділік шарасына қатысқан студенттер балабақша тәрбиеленушілеріне «Наурыз» мерекесіне орай қазақтың ұлттық салт-дәстүрлерінен көрініс, концерттік номерлер көрсетіп, қазақтың «Алтын сақа» ертегісінен үзінді қойды. 3-6 жас аралығындағы бүлдіршіндерге қойылым мен концерттік номерлер өте қатты ұнады, қазақтың ұлттық киімдеріне қызығушылықпен қарап, домбырада орындалған күйді тыңдады, бірге әнге қосылып, жақсы көңіл-күймен тамашалады. Бөбекжай балабақшасы басшылығы тарапы, ҚазҰМУ-дың ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасы ұжымына балалардың тәрбиесінде дүниетанымдылық мәні зор осындай  шараларды өткізіп жатқаны үшін алғыстарын білдірді.