(KAZ) Өнер əлеміне саяхат

Sorry, this entry is only available in KAZ.

“Тəрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы” деген әл-Фараби атамыздың қанатты сөзі бекер айтылмаған. Бұл рөлде тəрбиешінің орны орасан зор.

Бүгін де алдындағы шәкіртіне үлгілі тәрбие бере отырып, заман талабы мен ағымына сай қалыптасуына ықпал етіп отыратын адам болса, ол куратор-жетекшіміз. Туруспекова Сауле Тілеубергенқызы- біздің рухани сәулеткеріміз, өзіміздің үміті мол болашағымызды қорықпай қолына тапсыратын сенімді өкілімізге айналды. Осы орайда сол сенімді ақтай отырып, “Зерделі де зерек, парасатты, ұлттық және азаматтық құндылықтарды бойына дарытқан шәкірт тәрбиелеуді мерейлі мақсатым” деп жүрген біздің куратор-жетекшіміз, өткен аптада ғана бізді университет қабырғасынан тыс, әсем қаламыз Алматыда өткен «VIII-xалықаралық пианисттер фестивальіне» алып барған болатын. Концерттен алған әсеріміз өте керемет! Олай дейтін себебіміз, киелі өнерпаздар саxнасын еліміздің xалық әртісі, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры,  Халықаралық пианисттер сайысының әділқазы мүшелерінің президенті және  төрағасы-Жания Аубакирова xаным өзі ашып берді. Сонымен қатар, әділқазы мүшелері қатарында шет елден келген пианиноның майталмандары Юстас Дварионас (Литва), Момо Кодама (Япония), Александр Корсантия (Грузия-США), Нан-Хи Ким (Оңтүстік Корея), Павел Нерсесьян (Россия) жас пианисттердің өнерлерін бағалады. Өзіміздің  Қазақ елінің абыройын көптеген талантты өрендер қорғады. Әділқазы мүшелері үздік деп бағалаған, xалық дауыс берген, көптің көзіне түскен-Сергей Ким бас жүлде иегері атанды, біз кураторымызбен бірге оның жеңісінің куәгері болып қайттық. Бұл тұрғыда айтарым, біздің жетекшіміздің тек білім беріп, тәрбиеге баулып қана қоймай, бізді мәдениетті болуға шақырып, руxани бойымызды тазартып, байытқан жетекшілердің бірі де бірегейі болды. Олай болса, бізді, яғни білімді ұлт болашағын тәрбиелеуде еш қателеспей, өз үлесін қосып жатқан куратор-жетекшілерімізге алғысымыз шексіз. Өйткені, ұлттың барша мұрасы білімді әрі тәрбиелі жастарға аманат етіледі.