Ұстаз өнегесі- ұрпаққа үлгі

Ұстаз өнегесі- ұрпаққа үлгі.

Кеше ғана мектеп баспалдағынан үлкен өмірге жолдама алып, университет табалдырығына  келіп едік,  бүгінде жалпы медицина факультетінің  2 курс стденттері атандық. Университет ректоры Ақанов Айқан Ақанұлының бастамасымен басталған циклдік оқу жүйесі біз үшін бірден-бір қолайлы бағдарлама болып отыр.

Осы оқу жылын циклдік оқу жүйесі бойынша  гистология пәнінен бастадық. Гистология морфологиялық ғылымға жататын негізгі ілім. Гистология бірнеше бөлімнен тұрады: цитология,  жалпы эмбриология, жалпы гистология, жеке гистология. Болашақ   дәрігерге бұл ілімдерді бір-бірімен байланыстырып, мүшелердің құрылысын, қалыпты жағдайдағы микроскопиялық, субмикроскопиялық ерекшеліктерін біліудің  маңызы зор. Бұл ғылымдар  бір- бірімен тығыз байланысты. Осы циклде біздің топ үлкен әсер алды. Осы пәнді терең ұғуға, пәннің мазмұнын ашып, терең бойлап,  біз болашақ дәрігерлерге келешекте пайдаға асыратын білімімен бөліскен Аяпова Жұлдызай Омаровна болды.Аяпова Жұлдызай Омаровна  гистология пәнін ғана үйретіп қоймай,  адам жанын түсінетін, өмірдің көлеңкелі қатпарларын ашып беретін, әрбір студентке адаспай жол табуға көмектесетін ұстаз екенін  аңғардық. Ел ертеңі бүгінгі жастардың қолында, ал жастар бүгінгі ұстаз қолында дегендей  әр студенттің  сана сезімін оятып, ұлттық құндылықтарды оятатын тұлға екенін мойындатты. Осындай ұстаз арқасында мыңдаған студент білім нәрімен сусындап шығып, келешекте пайдаға жаратады  деп ойлаймын.

Б. Момышұлы «Ұстаздық ұлы құрмет, себебі ұрпақтарды ұстаздар тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді. Өмірге ұрпақ берген аналарды қалай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз» деген болатын.

Өмірде ұстаз еңбегін жоғары қоятын жандардың бірімін. Ұстаз деп аталтын мәртебелі мамандық  иелерінің бейнетті  ісін сондайлық құрмет тұтамын. Қуанса ұстаз қуансын, мерейленсе ұстаз мерейленсін дегендей Аяпова Жұлдызай Омаровна болашақ білікті дәрігер мамандарын даярлауда еңбегіңіз жана берсін!

Жалпы медицина факультетінің

2 курс студенті Нүсіпжан Таңшолпан