«ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!!»

«Наурыз – дәстүрлі мереке…»

Ұлыс күні қазан толса,
Ол жылы ақ мол болар.
Ұлыкісіден бата алса,
Сонда олжылыжолболар.
Үлкенненұлағат, кішіге аманат.

Наурыз – көнеденкележатқанмейрам.
Наурыз – бақыттыңбастамасы, жақсылықтыңжаршысы, өміргенұрсыйлаған, сезімгегүлсыйлаған, халық қастерлейтін күн. Ғасырлар бойына атадан балаға мұра болып келе жатқан, дәстүрлі осы Наурыз тойы, бүгін міне, тағы да есігімізді ашып отыр.Бұл мейрамды мейрам етіп, жыл сайын дәстүрге айналдырып, үлкен ұйымдастырушылық жұмыстар жүргізе отырып биыл тағы да «Қалыпты анатомия» кафедрасы» Наурыз тойын жоғары деңгейде атап өткезді. Бұл жақсылықта келем деушілердің бәріне есігін айқара ашып, олардың ішінде кішісі бар, үлкені бар, студент те бар, ұлағатты ұстаздарымызда барын көрдік.Наурыз тойы – Ұлыстың Ұлы күні. Наурыз парсы тілінде Жаңа күн деген сөз, яғни жыл басы. Ұлыстың ұлы күні ел елжірей қуанып, есік ашып, дастарқан жайып, бірін-бірі құшақтаса құттықтайды. Наурыз күнінің бір ерекшелігі бұл күн көрісуден басталады. Ұлыс күні жеті түрлі тағамнан Наурыз көже пісіріледі. Наурыз күні таңертең ертемен ерлер қолдарына күрек, кетпен, ал қыз-келіншектер құрт, ірімшік, сүт, піскен ет алып далаға шығады.
«Бұлақ көрсең көзін аш»деп қауласқан жігіттер айнала төңіректегі бастаулардың көзін ашса, «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын!» деген қариялар бұлақ басына тал егеді.

Наурыз майрамында осыншама кермет дүниелерді біз осы күні кафедра ұжымымен ұйымдастырылған концерттік бағдарламадан көре білдік. Студенттер қазақ халқының салт-дәстүрін паш етіп көрсетті. Атап айтқанда, беташар, шілдехана, қыз ұзату, сырға салу айта берсек өте көп, бәріміздің көңілімізді бір серпілтіп тастағаны анық. Наурыз – бұл  той думан. Осы орайда көптеген өнерлі қыз-жігіттерді де, яғни сыңғырлаған дауысты қыздарды, домбыраның құлағында ойнаған ер-жігіттердің өнеріне сүйсіне қарап, құлақтың құрышын қандырып, бір сәт көңілімізді қуаныш ұялатты десек артық айтпаспыз.

Мұнымен кереметтер бітпесе керек. Мейрамның жалғасы «Наурыз тойының өзіне тән үлкен ырым асы – Наурыз көже» демекші, кішігірім концерттік бағдарламадан кейін, кафедра ұжымы әдеттегідей ақ дастарханын молынан жайып, көже таратты. Көженің дәмі – тіл үйіреді. Студенттер де ақ дастарханнан дәм ауыз тиіп, мәз-мейрам болып тарқасты. Бұл күн, үлкен қуаныш күні – естен кетпесі анық. Мұндай жақсылық пен достыққа, қуаныш пен сыйластыққа дәріптейтін мейрамдарымыз көп болсын.

Қалыпты анатомия кафедрасының аға тьюторы, доцент Ахмад Н.С.

SAM_5275 SAM_5281 SAM_5294 SAM_5299 SAM_5300 SAM_5303 SAM_5306 SAM_5307 SAM_5316 SAM_5332 SAM_5271