ҚР Тәуелсіздік күніне арналған Дөңгелек үстел

20.12.16 ж. латын тілі курсында  ҚР Тәуелсіздік күніне арналған Дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға 1 курс,  ЖМ факультетінің  № 1 (1, 2), 29 (1, 2), 39 (1, 2), 40 (1, 2) топтары қатысты.

Іс-шара қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өтті.

Аталған іс-шараны шырайын ЖМ факультеті, 01-1 тобының студенті Жақсыбай Нургайша, Құрманғазының “Балбырауын” күйімен ашты.

Студенттер өздері шығарған өлеңдерін оқыды, сол кездегі саясаттың құрбандары болған студенттер туралы 1986 жылғы желтоқсан оқиғасынан көрініс көрсетілді.

Іс-шарада тәуелсіз Қазақстан туралы фильм көрсетілді. Соңында студенттер барлығы бірге көпұлтты Қазақстан туралы қазақ тілінде ән шырқады.