Қалыпты физиология модулі оқытушыларының тәрбие жұмысы бойынша «Жалпы медицина» факультеті ІІІ курс 12-001-01 тобы студенттерімен «Жанұя» арнайыландырылған кешеннің жетім балаларына арнап Денсаулық мерекесі: «Біз ауырмаймыз» атты шарасын өткізгендігі туралы есебі

Қалыпты физиология модулі оқытушыларының тәрбие жұмысы бойынша
«Жалпы медицина» факультеті ІІІ курс 12-001-01 тобы студенттерімен
«Жанұя» арнайыландырылған кешеннің жетім балаларына арнап
Денсаулық мерекесі: «Біз ауырмаймыз»
атты шарасын өткізгендігі туралы есебі

  

2014 жылдың 8 қарашасында «Жалпы медицина» факультеті ІІІ курс 12-001-01 тобы студенттері қалыпты физиология модулі оқытушыларының жетекшілігімен «Жанұя» арнайыландырылған кешеннің жетім балаларына арнап Денсаулық мерекесі: «Біз ауырмаймыз» атты шара ұйымдастырып, өткізді. Оған «Жалпы медицина» факультетінің деканы Р.Т.Джумашева шақырылды. Балаларды керемет сый күтіп тұрды. Студенттер мен қалыпты физиология модулі оқытушылары балаларға көңілді мереке дайындаған. Студенттер кейпкерлер киімін киіп, Мойдодыр, Микробтар, Денсаулық Патшайымы, жүргізуші және бала «Біз ауырмаймыз» сценариі бойынша театрландырылған керемет қойылым көрсетті. Оған «Жанұя» арнайыландырылған кешеннің 5-7 жастағы балалары қатысты. Әр балаға пайдалы сыйлық – алма берілді. Барлық әрекеттерді балалар қуанышпен қабылдады. Театрландырылған қойылым көңілді әндермен, билермен, біріккен хороводпен сүйемелденіп, балалар суретке түсірілді. Денсаулық мерекесі: «Біз ауырмаймыз» шарасы соңында «Жанұя» арнайыландырылған кешен директоры Л.А.Кулсарина, кешен жұмыскері  Екатерина Казыбаевна, қалыпты физиология модулінің жетекшісі, доцент Е.М.Рослякова алғыс-тілек сөздерін айтты.  Денсаулық мерекесі: «Біз ауырмаймыз» шарасы лайықты, жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өткізілді.

 

Қалыпты физиология модулі тәрбие ісіне жауапты, аға оқытушы А.С. Алипбекова