(KAZ) Қалыпты анатомия кафедрасының ұжымы Даненов Нұрмахан Абжановичтің 80 жасқа толуына орай туған күн иесін құттықтап қайтты

Sorry, this entry is only available in KAZ and Russian.

Қалыпты анатомия кафедрасының ұжымы осы кафедраның аға оқытушысы болып қызмет атқарған, қазіргі уақытта зейнеткер ұстаз Даненов Нұрмахан Абжановичтің 80 жасқа толуына орай туған күн иесін құттықтап қайтты.  Нұрмахан Абжанович  ұзақ жылдар бойы кафедрада еңбек етті. Студенттерге анатомия пәнінен сабақ бере жүріп, Университеттің барлық іс-шараларына белсенді қатысып, шәкірттерінің алдыңғы қатарлы маман болуына үлкен үлесін қосты. Халқымызда  «Қарты бар ел – қазыналы ел» деген сөз бар. Осынау жылдар ішінде өмірдің талай белестерінен табысты өтіп, бүгінде өркен жайған алып бәйтеректей үлкен бір әулеттің ақылшы тірегі болып отырған данагөй ақсақал.

Өткен күннің артта қалып елесі,

Тіршіліктің жылжи берер кемесі.

Басыңызға бақ пен ырыс сыйлаған,

Сексен жастың құтты болсын белесі.

Бұл 80 жас – қарттық жас емес, қазына жас,

Бала менен немеренің назына мас.

Біз сізге бақ тілейміз ортаймайтын,

Басыңыздан ешқашан ажырамас.

Өміріңіз ұрпаққа өнеге мың,

Тілейміз қуанышқа бөленгенін.

Жүзге келіп марқайып отырыңыз,

Қылығына бөленіп шөберенің.