«ТӘУЕЛСІЗДІК – ТІРЕГІМ, ЕЛІМ ДЕП СОҚСЫН ЖҮРЕГІМ!»

       Ағымдағы айдың 11-күні Гистология кафедрасында Жалпы Медицина факультетінің 3-курс, 14-01 топ студенттері мен кафедра мұғалімдері ұйымдастырған Тәуелсіздігіміздің 23 жылдығына  арналған «Тәуелсіздік – тірегім, Елім деп соқсын жүрегім» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге университетіміздің профессорлары, Гистология кафедрасының мұғалімдері және студенттер қатысты. Университетімізге лекция оқуға келген Ресейлік визитинг – профессор – Бгатова Наталия осы іс-шараның қонағы болды.

1986 жылы желтоқсан шеруіне шыққан құрбандырымыз – Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова, Ербол Сыпатаев сынды қазақ жастарының тәуелсіздікке жету жолындағы ерен ерліктері жайында, Тәуелсіздік алған күннен бастап қазіргі таңға дейінгі жеткен жетістіктеріміз жайында баяндамалар оқылып, видеороликтер мен презентациялар көрсетілді. Іс-шара барысында дөңгелек үстелге қатысушылар өз пікірлерімен бөлісті.

Іс-шараның соңында визитинг – профессор – Бгатова Наталия өз тілегін білдірді.