Тәуелсіздік күндері

07.12.13ж биохимия кафедрасында жалпы медицина факультетінің 13-07 топ студенттері ҚазақстанныңТәуелсіздігінің 22 жылдығына арналған мерекелік «Желтоқсан ызғары – Тәуелсіздік тұғыры» атты кеш өткізді ( топ тьюторы Досымбекова Р.С.).               13-07 топ студенттері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаудан бастады, «Қазақ тарихы» термесі, М. Шахановтың «Желтоқсан алауы» өлеңінен үзінді,Тәуелсіздік,Желтоқсан  туралы өлеңдер айтылып,«Қайрат Рысқұлбековты тергеуі» атты көрініс көрсетті. Мерекелік шараға биохимияжәне химия кафедраларының профессор-оқытушылар құрамы қатысты.