(KAZ) Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша ҚазҰМУ-нің құрметті профессоры Р.И.Юймен кездесу

Sorry, this entry is only available in KAZ and Russian.

2019 жылдың 28 қараша күні гистология кафедрасының №3-ші аудиториясында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша ҚазҰМУ-нің құрметті профессоры Р.И.Юймен кездесу өткізілді. Бұл іс шараны гистология кафедрасының кураторлары А.К. Жанбырбаева мен Ф.Д.  Алсеитова және ЖМ мектебінің 1 курс 16-01, 02 және 13-01, 02 топ студенттері ұйымдастырды.

Кездесудің мақсаты ҚазҰМУнің құрметті профессоры Рудольф Иванович Юймен кездесу болды. Ол кісі көптеген медицина саласындағы өте көп ғылыми зерттеулердің, бірнеше патент пен өнертабыстың авторы.

Кездесу кезінде медицина саласындағы ғылыми зерттеулер, патент және өнертабыс жайындағы сұрақтарға арналды.

Жалпы медицина мектебінің 13-02 топ студенті Рудольф Ивановичтың ғылыми-әдістемелік жұмысына арналған баяндама жасады.

Келесі бөлімі әңгімелесуге арналды. Жүргізуші сценарий бойынша бірнеше сұрақ қойды. Мысалы, гистологиямен айналысуға кім және не әсер етті? Гранттық жоба жасау үшін неден бастау керек?

Студенттер сонымен қатар, өздерін қызықтыратын сұрақтарын қойды. Кездесудің соңында топографиялық анатомия және оперативті хирургия кафедрасының меңгерушісі, профессор Алмабаев Ыдырыс Алмабайұлына және Рудольф Ивановичтың бұрынғы студенті, бүгінгі гистология кафедрасының меңгерушісі Ергазина Марал Жунусбековқызына сөз берілді.

Соңында Жалпы медицина мектебінің 13-01 топ студенті Лыканов Нұрсұлтанның орындауында «Адай» күйін тыңдадық.