Клиникаға кіріспе және мейірбике ісі кафедрасы

2003 жылғы  Мемлекеттік Білім беру стандартына сәйкес (МБС) Л.02.1-бұйрығы бойынша 05.01.2004жылы ҚазҰМУ-де «жеке кафедра ұйымдастыруына сәйкес «Мейірбике ісі негіздері»» деген кафедра  ашылды.

Кафедраның клиникалық базалары№7 қалалық клиникалық ауруханасында, Алматы көп салалы клиникалық ауруханасында, Каменка селолық ауруханасында, Алматы-1, Темір жол ауруханасында және №18 қалалық емханасында   орналасқан.

2006 жылғы Мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес мемлекеттік және орыс тілдерінде келесі пәндер оқытылады:

– «Жалпы медицина» мамандығы бойынша 1 курс студенттеріне «Клиникаға кіріспе-1» пәні;

– «Жалпы медицина» мамандығы бойынша 2 курс студенттеріне «Клиникаға кіріспе-2» пәні;

– «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша 1 курс студенттеріне «Мейірбике ісі негіздері» пәні;

– «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша 2 курс студенттеріне «Мейірбике ісі негіздері» пәні;

– «Стоматология» мамандығы бойынша 1 курс студенттеріне «Клиникаға кіріспе» пәні;

– «Фармация» мамандығы бойынша 4 курс студенттеріне «Дәрігерге дейінгі көмек» пәні;

Кафедрада электив бойынша пәндер оқытылады:

– «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша 2 курс студенттеріне «Мейірбике ісінің философиясы» пәні;

– «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша 2 курс студенттеріне «Дәрігерге дейінгі көмек» пәні;

– «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша 3 курс студенттеріне «Мейірбикенің социалды жұмыстарының негіздері» пәні;

– «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша 4 курс студенттеріне «Мейірбике ісінің теориялық және ғылыми негіздері» пәні;

Кафедрада оқу  өндірістік тәжірбиесі де жүргізіледі:

– «Жалпы медицина» мамандығы бойынша 1 курс студенттеріне «Кіші мейірбике көмекшісі»;

– «Жалпы медицина» мамандығы бойынша 2 курс студенттеріне «Палаталық мейірбике көмекшісі»;

– «Жалпы медицина» мамандығы бойынша 3 курс студенттеріне «Емшара бөлмесінің мейірбике көмекшісі»;

– «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша 1 курс студенттеріне «Кіші мейірбике көмекшісі»;

– «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша 2 курс студенттеріне «Мейірбике»;

– «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша 3 курс студенттеріне «Мейірбике ісінің бакалавры»;

– «Стоматология» мамандығы бойынша 1 курс студенттеріне «Палаталық мейірбике көмекшісі»;

Білім беру фронтальды және линейлі түрде жүргізіледі.

Кафедра құрылғаннан бері мынадай кандидаттық диссертациялар жасалды:

– Н.С. Мусина тақырыбы: «Вегетативные и нейропсихологические расстройства у больных с хроническими заболеваниями почек», ғылыми жетекшілері: м.ғ.д., профессор Р.И.Семенова, м.ғ.д., профессор Б.А.Абеуов.

– Г.О.Оразбақова тақырыбы:  «Комплексная гигиеническая оценка влияния учебного процесса на функциональное состояние организма и здоровье подростков, обучающихся в колледжах г. Алматы», ғылыми жетекшілері: м.ғ.д., профессор М.Н.Омарова, м.ғ.д., профессорЖаркиновЕ.Ж.

– Ж.М. Нұрмахановатақырыбы: «Нарушение порто-печеночной гемодинамики и ее коррекция у больных сердечной недостаточностью ишемического генеза», ғылыми жетекшісі: м.ғ.д., профессор Қ.М.Турланов

Кафедрада басылып шығарылған басылымдар тізімі:

– «Терапиядағы мейірбике ісі», оқу әдістемелік құралы, Н.Д.Биназаров, Э.Т.Омралина, Г.А.Мусаева.

– «Синдром вегетативной дисфункции у больных с хроническими заболеваниями почек», әдістемелік нұсқау,Н.С.Мусина

– «Нейропсихологические расстройства у больных с хроническими заболеваниями почек», әдістемелік нұсқау,Н.С.Мусина

– «Оценка функционального состояния головного мозга у больных с хроническими заболеваниями почек», «Актуальные проблемы неврологии», Н.С.Мусина симпозиумдарға, конференциялар, съездер, семинарлар,халықаралық ғылыми-тәжірбиелік конференцияларға қатысты

– «Методики оценки качества организации урока физического воспитания в средне специальных и общеобразовательных школьных учреждениях», оқу әдістемелік құралыГ.О.Оразбақова.

Кафедрада типтік бағдарламаға сәйкес қазақ және орыс тілдерінде оқу әдістемелік нұсқаулар құрастырылды. Кафедраның барлық қызметкерлері 132 әдістемені тәжірбиелік сабақтарға (оқытушыларға-65, студенттерге-61), 684 ситуациялық есептер, 1620 тәжірбиелік сабақтарымен және емтихан тесттерін, 10 дәрісті  қайта қарастырды.